Сіздерді кәсіби мереке - Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекеттік қызмет атқару - қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі, халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату.

Дамыған мемлекет тек қана тиімді және кәсіби мемлекеттік қызмет негізінде құрылады. Халқымызда «Билігі мықты елдің - тірлігі құтты болады» деген дана сөз бар. Сондықтан да, қашан да жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы керек. Бүгінгі таңдағы мемлекеттік қызметшінің басты міндеті - туған Отаны мен халқына адал қызмет етуімен бағаланады. «Басты міндет - елге қызмет!» деген мазмұны терең, міндеті жауапты сөзді еске сала отырып, әріптестеріміздің мемлекеттік қызметші деген абыройлы атаққа үнемі лайықты болуларына тілектеспіз. 

 

Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілейміз!

Отанымыз - Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!

 

Құрметпен, Сырым аудандық мәслихат аппараты

23 маусым, 2017 жыл

Жымпиты ауылы