2017 жылдың 8 маусымы күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХҮ сессиясы болып өтті.
Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 11 депутат, аудан әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков, аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округтардағы қоғамдық келісім кеңесінің, ардагерлер кеңесінің төрағалары, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері, учаскелік полиция инспекторлары, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияны №3 Өлеңті сайлау округінен депутат Аида Кимқызы Ниязгалиева ашып жүргізді.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №9-2 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Шалабаев Муса Кеңесұлы - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2. Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі басшысының лауазымына келісім беру туралы
Хабарламашы: Шыныбеков Абат Абайұлы - аудан әкімі
3. Сырым ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы.
Хабарламашы: Ишанғалиева Эльмира Ерболқызы - аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы.