Бүгін аудандық мәслихат депутаттарымен құрылған бақылау тобы "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша су тарту жұмыстары жүргізіліп жатырған Жосалы ауылдық окуругінде болды. Алдымен депутаттар ауылдық округ әкімі мен ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен кездесіп атқарылып жатырған жұмыстар туралы ұсыныс пікірлерін тыңдады.Жобаны жүзеге асырушы мердігер Жайық газ құрылыс строй компаниясының өкілімен кездесіп, жұмыстың сапалы болуын қадағалауды тапсырды.