Бүгін түске дейін аудандық Қоғамдық кеңес, «НұрОтан» партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы мониторинг және партиялық бақылау тобының мүшелері Жымпиты ауылындағы Асадуллин, Қолғанатов көшелеріндегі салынып жатырған жол құрылысымен танысып шықты. Танысу барысында Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қ.Тулепов, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Каиргалиев, ақпарат құралдарының өкілі, көше тұрғындары қатысып, жол құрылысы бойынша өз пікір-ұсыныстарын білдірді.

Асадуллин көшесі бойындағы жолдың ұзындығы 1 шақырым, салынатын асфальттің ені 6 метрді құрайды және жолдың екі жағынан 1 метрден жол жиегі салынады деп күтілуде. Сонымен қатар үш жерде аялдамаға алаң, жазғытұрым су ағатын төрт жерге шүмек және жаңадан көше бойы жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.