2017 жылы «Нұрлы жол», «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламалар бойынша құрылысы, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардың жұмысымен танысу мақсатында аудандық мәслихат депутаттарымен бақылау тобы құрылған болатын. Оның құрамына ауыл тұрғындары да енгізілді.

 

 

Отырысқа қатысушы топ мүшелерін мемлекеттік бағдарламалар бойынша тапсырыс беруші мемлекеттік мекемелер: аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің, аудандық сәулет, құрылыс, қала құрылысы бөлімінің, «Сырым» МКК басшылары мамандарымен бірге нысандардың жобаларымен, бөлінген қаржы мен игерілген қаржы, жұмыстың мерзімдерімен, нақты атқарылған жұмыстар мен атқарылатын жұмыстармен таныстырды. Атап айтқанда, Жымпиты ауылындағы Асадуллин және Қолғанатов көшелеріндегі жол құрылысы жұмыстарына, «Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес Аралтөбе, Қоңыр ауылының су жүйесін қайта жаңғырту, Шолақаңқаты өзеніндегі су қоймасын қалпына келтіру жұмыстарына бөлінген қаржы мен атқарылатын жұмыстардың жобасымен таныс болды. Депутаттар тарапынан кейбір жұмыстар бойынша тараптармен келісімді түрде жасалатын өзгерістерді енгізу, атқарылып жатырған жұмыстардың уақытылы, сапалы орындалуына бақылау қою жөнінде ұсыныстар айтылды.

Алдағы уақытта әр ай сайын бақылау тобы осы құрылысы, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатырған нысандардың басына барып, нақты атқарылған жұмыстармен танысатын болады.