Сырым аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.
Отырысқа аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері, мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенгалиева, аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Сарсенов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Р.Усагалиев, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Қайырғалиев және БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қыдырбаев Мейрамхан Иманбазарұлы қатысты.
Отырысқа аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Т.Даргужиев төрағалық етті.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР:
1. 2016 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу есебі туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2. 2016 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі туралы.
Хабарламашы: Қыдырбаев Мейрамхан Иманбазарович- БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.
3. Аудандық мәслихат хатшысының есебі туралы.
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы.
4. Аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамы туралы.
Хабарламашы: Е.Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тыңдалып, сұрақтар қойылып, талқыланып, тиісті қаулылар қабылданды.