Сіздерді 1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын.

 

Бұл мереке елімізде 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың жарлығы бойынша 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды. 

"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз - молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!

 

Құрметпен,

Сырым ауданының хатшысы Ш.Дуйсенгалиева