Бүгін, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.Оған аудандық  мәслихаттың депутаттары, аудандық мәслихат хатшысы, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мекеме басшылары қатысты.Отырысты аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Дуйсенгалиев Асхат Ғабделғазезұлы жүргізді.

 

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: 

1. "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жөнінде.

Баяндамашы: Р.Тахамбетова - аудандық орталық аурухана директорының орынбасары.

2. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 5 наурыздағы №26-7 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: Э.Ишангалиева - Сырым ауданы  әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы.

3. «Аудан мектептерінде оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы»

Хабарламашы: З.Ергазиева - аудандық білім беру бөлімінің басшысы.

4. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Жымпиты ауылдық округінде орындалуы туралы.

Хабарламашы: Қ.Тулепов - Жымпиты ауылдық округінің әкімі.

5. «Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы»

Хабарламашы: Ө.Уашев -аудандық  жер қатынастары бөлімінің басшысы.

6. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тыңдалып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылды, қаулымен тиісті тапсырмалар тапсырылды.