Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Қазақстан Республикасының Конституциясында осылай бекітілген. Мәслихат халық сайлайтын, халықтың еркін білдеретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын қадағалайтын жергілікті өкілді орган.
Мәслихат өз өкілдігін ҚР Конституциясына және ҚР заңдарына, ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңға, ҚР Президенті, Парламенті және Үкіметінің актілеріне және мәслихат жұмысының регламентіне сәйкес жүзеге асырады. Мәслихат депутаттары жергілікті бюджетті қалыптастырып, Сенат депутаттарын сайлайды. Сонымен бірге өз қызметі арқылы сайлаушылардың көкейкесті мәселелерін шешеді.
Ағымдағы жылдың наурыз айында жергілікті өкілді орган - аудандық мәслихаттың жаңа ҮІ шақырылым депутаттары сайланған болатын.
Алтыншы шақырылған Сырым аудандық мәслихатының құрамы 12 сайлау округтары бойынша халық сеніп сайлаған, өмірдің барлық жақтарын көрген, білімді, парасатты, жауапкершілікті сезіне білетін 12 депутаттан тұрады. Оның 12-сі де «Нұр Отан» партиясынан. Аудандық мәслихат депутаттығына сайланғандардың 30 жасқа дейінгі депутат - 1, 40 жасқа дейінгі депутаттар - 3, 50 жасқа дейінгі - 4, 50 жастан жоғары - 3 депутат (орташа жас 48). Депутаттардың 9-ы ер адам, 3-і әйел адам. 12 депутаттың 9-ы жоғары білімді. Қазіргі депутаттар корпусының құрамында мәслихатқа екі-үш рет сайланған халық қалаулылары да бар. Олар өкілетті органның қызметіне тәжірибелері мен сындарлы ұсыныстарын енгізеді. А.Г.Дуйсенгалиев - 4, Б.Ы.Таскалиев - 2, В.С.Джумагалиев - 2 қайтара аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланып отыр.
№5 Сарой сайлау округінен депутат С.Мутиев 2016 жылдың тамызында өз өтініші бойынша мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтатты. Аталған сайлау округінен депуттыққа сайлау өткізу 2016 жылдың 30 қазанына белгіленіп, сайлау нәтижесінде Тайшиев Досжан Ересұлы сайланды. Ол республика бойынша жас жағынан алғанда ең жас депутат болып табылады.
2016 жылдың 25 наурызында осы жаңа алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы өтіп, ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сессияда аудандық сайлау комиссиясының төрағасы сайлау қорытындысымен таныстырып, жаңадан сайланған депутаттарға депутаттық куәліктер мен төсбелгілерін табыстады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат хатшысы болып депутат Дуйсенгалиева Шынар Сайлауқызы сайланды. Сессияның шешімімен аудандық мәслихаттың 3 тұрақты комиссиялары және осы комиссиялардың құрамы бекітілді, депутаттық топ тіркелді.
Аудандық мәслихаттың сессиялары.
Аудандық мәслихат Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының басқа да заңдылық актілері, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қадағалайды.
Мәслихат қызметінің негізгі нысаны - сессиясы болып табылады, онда, мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер қаралады. Сессияларда ауданның, аудан халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған әр тақырыптағы мәселелер талқыланып, олар бойынша шешімдер қабылданады, орындалуы бақылауға алынып тұрады. Сессиялар мен комиссия отырыстарына тиісті мекеме басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылып отырылады.
Аудандық мәслихаттың осы ҮІ шақырылымда 2016 жыл ішінде 9 сессия өтіп, онда 53 мәселе қаралды.
Жоспарлы түрде талқыланған негізгі мәселелер:
- «Қазақстан - 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бірінші кезең - 2013-2015 жылдар) орындаудағы аудандық ішкі саясат бөлімінің атқарған жұмыстары туралы»;
- «2015 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу есебі туралы»;
- «2015 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі туралы»;
- «Ауданда бұқаралық спортты дамыту бойынша атқарылған жұмыстары туралы»;
- «Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі басшысының есебі туралы»;
- «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жәйі туралы аудан әкімінің есебі»,
- «2020 жылға дейінгі Сырым ауданын дамыту жоспарын бекіту туралы».
- «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы».
Мәслихат сессияларында жоспардағы мәселелерден басқа аудандық комиссиялар мен үйлестіру кеңестерінің құрамын бекіту, өзгерістер енгізу туралы т.б заңдастыратын мәселелер қаралды. Мәслихат құзыретіне сәйкес сессиялар мен комиссия отырыстарында жылына бір рет аудан әкімінің есебі, әртүрлі мазмұндағы мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдерінің, мекеме басшыларының есептері тыңдалып келеді.
Сессияларда жүйелі түрде қаралып, бекітілетін мәселе - аудандық бюджет туралы мәселе. Аудан бюджетін қалыптастыру жұмыстары Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі талаптарына сай жүргізіліп, оны бекіту, толықтырулар мен өзгерістер жасау мәселелері 5 рет сессияда қаралды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын сәйкес 6 - шы сайланған аудандық мәслихаттың 1-ші сессиясының шешімімен әрқайсысының құрамында 3-4 депутаты бар 3 тұрақты комиссия құрылды.
1. Әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы - төрағасы А.Дуйсенгалиев
2. Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы - төрағасы Б.Хамидуллин
3. Экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы - төрағасы Т.Даргужиев
Ағымдағы жылдың 4 сәуірі күні тұрақты комиссиялардың алғашқы бірлескен отырысы болып өтті. Отырыста осы жылдың ішінде тұрақты комиссия отырыстарында қаралатын мәселелер туралы талқыланып, жұмыс жоспарлары бекітілді.
Тұрақты комиссиялар өз жоспары бойынша отырыстарын өткізіп, қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылдап отырады.
2016 жылы Әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы 7 отырыс өткізіп, 39 мәселе талқылады.
Оның ішінде негізгі мәселелер:
- «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамнан тысқары қалып қоймауы үшін оларға жағдай жасау туралы»,
- «аудандағы мектептердің материалдық-техникалық жабдықтармен қамтылуы туралы».
- «БҚО бойынша тексеру комиссиясының ұсынбасына сәйкес ағымдағы жылдың 9 айында аудандық бюджеттің орындалу есебі туралы»,
- «№3 Өлеңті сайлау округінен депутат А.Ниязгалиеваның депутаттық қызметі және сайлауалды бағдарламаларды іске асыру жөніндегі есебі туралы», және
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары - 1/«Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы Департаментінің аудандық бөлімінің», 2/ «Жер кадастры және жылжымайтын техникалық тексеру Департаментінің аудандық бөлімшесінің», 3/ «Халыққа қызмет көрсету орталығы Департаментінің аудандық бөлімінің» 2016 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары тыңдалды.
Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы 3 отырыс өткізіп, 5 мәселе талқылады. Негізгі
- «Ауданда «Агробизнес 2020» бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы»,
- «Аудан бойынша ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы»,
- «Сырым аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 қарашадағы №32-2 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімінің орындалуы жөнінде» мәселелер қаралды.
Экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы 5отырыс өткізіп, онда 15 мәселе талқыланды. Негізгі
- «Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы (елді мекендердегі иесіз күл-қоқыстарды шығару, электр желілерін жөндеу, көше жарығы шамдарын орнату, жануын қамтамасыз ету, ауыз сумен қамту, аудан бойынша жергілікті маңызы бар жолдарды күтіп ұстау)»,
- «аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі кешенді жоспардағы индикаторлардың орындалуы туралы»,
- «ауылдық аймақтың санитарлық тазалығы мен елді мекенді көркейту жұмыстары туралы Шолақаңқаты, Қособа ауылдық округ әкімдерінің жұмыстары туралы»,
- «Жергілікті полиция қызметінің аудандағы қоғамдық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті нығайтудағы жұмысы туралы»,
- «2016 жылы Бұлдырты, Сарой ауылдық округтерінде өткізілген мәдени іс-шаралар жөнінде Бұлдырты, Сарой ауылдық округ әкімдерінің есебі»,
- «Аудандық орталық аурухананың ағымдағы жылдың 10 айында, денсаулық саласы бойынша атқарған жұмысы туралы» ... т.б мәселелер қаралды.
Құқықтық оқулар.
2016 жыл ішінде аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бағытында 3 рет құқықтық оқу өткізілді. Онда: «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының кейбір талаптарына түсінік беру»;
- «Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» Заңын түсіндіру»;
- «Әлеуметтік төлемдер туралы»,
- «Жер кодексіне енгізілген өзгерістер туралы»,
- «Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, кезекке тұру, кезекпен беру мәселелері»,
- «Ветеринария туралы»,
- «Кәсіпкерлік туралы» Заң талаптарын түсіндіру бойынша сала басшылары, мамандары хабарламалар жасады. Құқықтық оқуға қатысушылар аталған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.
Сонымен қатар, мамыр айының соңғы онкүндігінде мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында өз сайлау округтерінде тұрғындармен, ауыл шаруашылық құрылымдарындағы жұмысшылармен кездесулер өткізді.
Аудандық Қоғамдық кеңес
Билік пен халық арасындағы байланысты нығайту мақсатында, тұрғындардың ұсыныстары мен өзекті мәселелерін шешу мақсатында 2015 жылдың 2 қарашасында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданған. Осы Заңға сәйкес 2016 жылдың 19 сәуірінде аудандық мәслихаттың «Сырым аудандық Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту туралы» шешімі бекітілді.
Аудандық кеңестің құрамында 25 мүше бар, 9 адамнан төралқа сайланған, 4 комиссия жұмыс жасайды.
Олар:
- Есептерді тыңдау, қоғамдық сараптама, қоғамдық тыңдау, қоғамдық мониторингті ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі комиссия.
- Халықтың әлеуметтік мәселелері, әлеуметтік жобаларды іске асыру мен бақылау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және жастар саясаты жөніндегі комиссия.
- Экономиканың нақты даму секторы, кәсіпкерлік саласы(тұрғын үй,коммуналдық шаруашылық), ауыл шаруашылығы, табиғатты пайдалану және экологиялық қауіпсіздік, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия.
- Құқық қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл органдарымен бірлесіп қызмет істеу жөніндегі комиссия.
2016 жылы аудандық кеңестің 12 отырысы өтіп, онда барлығы 24 мәселе қаралды. Қаралған мәселелер ішінде бюджетті нақтылау, 2017 - 2019 жылға арналған аудандық бюджет, әкімнің есебі, жер кодексіне енгізілген өзгерістер, жер реформасын түсіндіру, жергілікті полицияның қызметі, ауданды 2020 - шы жылға дейінгі дамыту жоспары және елді мекендерде өзекті мәселелер,басқа да бірқатар бөлімдердің есебі бар. Талқыланған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар алынып, өзекті мәселелерді шешу жөнінде аудан әкімідігіне ұсыныстар жолданды. Сондай - ақ есепті мерзім ішінде 9 рет төралқа отырысы өтіп,онда 16 мәселе қаралды. 2016 жылдың 13 мамыры күні аудан тұрғындарының қатысуымен «Аудан бойынша экологиялық жағдай және оны жақсарту шаралары туралы» және ауданның елді мекендерін сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша көпшіліктік тыңдау өткізілді. Онда айтылған пікірлер мен ұсыныстар аудан әкімдігіне, тиісті жергілікті бөлімдердің басшыларына жіберілді.
Қорыта айтқанда жыл ішінде жоспарланған мәселелер, басқа да аудан тұрғындарын толғандырып жүрген мәселелер қаралып тиісінше ұсынымдар жергілікті атқарушы органдардың қаралуына жолданды.
Аудандық кеңестің құрамында 25 мүше бар, 9 адамнан төралқа сайланған, 4 комиссия жұмыс жасайды.
Олар:
- Есептерді тыңдау, қоғамдық сараптама, қоғамдық тыңдау, қоғамдық мониторингті ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі комиссия.
- Халықтың әлеуметтік мәселелері, әлеуметтік жобаларды іске асыру мен бақылау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және жастар саясаты жөніндегі комиссия.
- Экономиканың нақты даму секторы, кәсіпкерлік саласы(тұрғын үй,коммуналдық шаруашылық), ауыл шаруашылығы, табиғатты пайдалану және экологиялық қауіпсіздік, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия.
- Құқық қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл органдарымен бірлесіп қызмет істеу жөніндегі комиссия.
2016 жылы аудандық кеңестің 12 отырысы өтіп, онда барлығы 24 мәселе қаралды. Қаралған мәселелер ішінде бюджетті нақтылау, 2017 - 2019 жылға арналған аудандық бюджет, әкімнің есебі, жер кодексіне енгізілген өзгерістер, жер реформасын түсіндіру, жергілікті полицияның қызметі, ауданды 2020 - шы жылға дейінгі дамыту жоспары және елді мекендерде өзекті мәселелер,басқа да бірқатар бөлімдердің есебі бар. Талқыланған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар алынып, өзекті мәселелерді шешу жөнінде аудан әкімідігіне ұсыныстар жолданды. Сондай - ақ, есепті мерзім ішінде 9 рет төралқа отырысы өтіп, онда 16 мәселе қаралды.
2016 жылдың 13 мамыры күні аудан тұрғындарының қатысуымен «Аудан бойынша экологиялық жағдай және оны жақсарту шаралары туралы» және ауданның елді мекендерін сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша көпшіліктік тыңдау өткізілді. Онда айтылған пікірлер мен ұсыныстар аудан әкімдігіне, тиісті жергілікті бөлімдердің басшыларына жіберілді.
Қорыта айтқанда жыл ішінде жоспарланған мәселелер, басқа да аудан тұрғындарын толғандырып жүрген мәселелер қаралып тиісінше ұсынымдар жергілікті атқарушы органдардың қаралуына жолданды.
«Депутат күні»
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді іске асыру, «НұрОтан» партиясының сайлауалды тұғырнамасында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және биылғы жыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен 2016 жылдың 8 маусымында Қособа ауылдық округінде «Депутат күні» өтті. Осы күні мәслихат депутаттары ауыл тұрғындарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізіп, кейін округтегі маңызы бар объектілерді аралап, жұмыстарымен, жағдайымен танысты.
Осыдан кейін мәслихат депутаттары жергілікті тұрғындардан құралған командамен волейболдан жолдастық кездесу өткізді.
2016 жылдың 21 қарашасы күні Бұлдырты ауылдық округінде «Депутат күні» өтті. Осы күні мәслихат депутаттары Бұлдырты ауылының 20 тұрғын үйдің құрылысы алаңына инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің дамыту және жайластыру құрылысының жұмысымен танысты.
Кейін округтегі әлеуметтік ғимараттардың: ауылдық дәрігерлік амбулаторияның, «Айналайын» балабақшасының жұмыстарымен танысты.
Осы күні Бұлдырты мәдениет үйінде ауыл активінің қатысуымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен көшпелі отырысы мен құқықтық оқуы өтті.
Қоғамдық қабылдаулар
Аудандық мәслихат депутаттары бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдауларда азаматтарды жеке мәселелермен қабылдап келеді. Есепті мерзім ішінде депутаттар жеке және көшпелі қабылдаулар өткізіп, 144 азаматты жеке мәселелермен қабылдады. Қабылдауға келуші азаматтар негізінен тұрақты жұмыс, несие алу, көмек алу,... өтініштерімен келеді. Барлық қабылданушыларға өтініштеріне байланысты толықтай түсініктер берілді.
Ауылдық округ әкімдерін сайлау
2012 жылғы 14 желтоқсанда Елбасы Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты өз Жолдауында: «Мен Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Ол ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді. Біз селолық әкімдерге қосымша өкілеттіктер береміз және олардың ауылдағы ахуалға ықпалын күшейтеміз. Бірақ, сонымен бірге, бізге қоғамдық бақылауды, жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керек. Сондықтан мен мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдадым» деп көрсетті. Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес 2013 жылдан бері ауылдық округ әкімдері мәслихат арқылы сайланып келеді.
2016 жылдың 23 мамыры күні Аралтөбе, Жетікөл ауылдық округтарының мерзімінен бұрын шығып қалған әкімдеріне үміткерлердің таңдаушылармен (депутаттармен) кездесуі болды. Кездесуде ауылдық округ әкімдеріне үміткерлер сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, таңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Мамырдың 30-ы күні аталған ауылдық округтерінің мерзімінен бұрын шығып қалған әкімдерін сайлау жөніндегі таңдаушылар отырысы өтіп, оған 11 депутат қатысып, өз таңдауларын жасады.
Депутаттардың өз сайлау округтеріндегі жұмыстары туралы, демеушілік-қайырымдылық қолдау шараларына қатысуы
Мәслихат қызметінің пәрменділігі оның әр депутатының беделі мен белсенділігіне, қоғамдық міндеттеріне деген жауапкершіліктеріне тікелей байланысты. Аудандық мәслихаттың депутаттары тұрақты түрде өз сайлау округіндегі ауыл әкімдіктері, мектептер, қоғамдық ұйымдар және ақсақалдар алқасымен тікелей байланыста болады, сайлаушыларымен кездесулер өткізеді.
Депутаттарымыз аудан аумағында ұйымдастырылатын демеушілік-қайырылымдық қолдау, спорттық шараларға белсене араласып отырады.
Өткен 2016 жыл барысында өз округтері бойынша тұрмысы төмен отбасыларына көмек, еліміз бойынша қолға алынған «Мектепке жол» акциясына, балалар күніне, қайырымдылық айлығы, т.б. шараларға де белсене араласып отырды.
Атап айтқанда, 7 мамыр «Отан қорғаушылар күні», 9 мамыр - Жеңіс күніне орай өз сайлау округіндегі соғыс, тыл ардагерлерін арнайы құттықтап, сый құрметтерін көрсетті.
Мектептердегі 25 мамыр - соңғы қоңырау шарасына қатысып, мектеп бітіруші түлектерге сәт-сапар тіледі, 1 маусым - Балаларды қорғау күнінде балаларды мерекелерімен құттықтады.
Тамыз айының соңында «Мектепке жол» акциясы аясында оқушылардың мектепке жинақы барып, сабаққа қатысуына демеушілік ету мақсатында мәслихат депутаттары әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларының 32 баласына 165 мың теңгенің көмегін көрсетіп, олардың сабақтарын жақсы оқып, өнегелі тәрбие алып шығуларына тілектерін білдірді.
Депутаттардың партиялық фракциясы
Сырым аудандық мәслихатының 12 депутаты «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған депутаттар болғандықтан олардың 11 аудандық мәслихаттың «Нұр Отан» партиясының фракциясына біріккен.
Фракция өткен, 2016 жыл ішінде бірнеше нысандардың жұмысымен танысып, бақылау жасады.
Атап айтқанда, маусым және тамыз айында екі рет Қособа орта мектебінде жүргізіліп жатырған күрделі жөндеу жұмыстарымен, тамыз және қараша айының басында екі рет Жымпиты ауылындағы көше жолдарының орташа жөндеу жұмыстарымен, Жымпиты ауылында салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолының құрылыс барысымен танысты.
Бақылау тобы мердігерлерге жөндеу жұмыстарын сапалы әлі уақытылы аяқталуын қадағалауды тапсырды.
Сондай-ақ тамыз айында топ Жымпиты ауылындағы 93 тұрғын үйдің құрылысы алаңындағы инженерлік-коммуникациялық жүйелерін дамыту және жайластыру құрылысының жұмысын көрді.
Қыркүйек айында партиялық бақылау тобының мүшелері аудандық аурухана, дәріхана, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыстарымен танысты. Топ аталған нысандардың жұмысымен танысу барысында ауруханадағы емделушілер мен қабылдауға келушілермен, қызмет көрсету орталығына әртүрлі қызмет түрін тұтынушылармен де жүздесіп, ұсыныстарын, пікірлерін тыңдады.
Тамыз айы ішінде Қособа ауылындағы шағын кәсіп иелерімен жүздесіп, кәсіптерінің тыныс-тіршілігімен таныс болды.
Сондай-ақ, әріптестері-депутат, әрі «Мүтір» шаруа қожалығының жетекшісі Ж.Шапешовтың шаруашылығымен танысты.
Жыл аяғында, желтоқсан айында бақылау тобы тағы да Бұлдырты ауылындағы 20 тұрғын үйдің құрылысы алаңына инженерлік-коммунакациялық жүйелерінің дамыту және жайластыру құрылысының жұмысын көрді.
Аудандық мәслихат аппараты туралы
Аудандық мәслихат аппарат қызметкерлерінің саны 9 адам. Аппарат жұмысы аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес атқарылады. Аудандық мәслихатқа түскен арыз-шағымдар уақытында қаралып тұрады.
Аудандық мәслихат аудандық «Сырым елі» газетімен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Мәслихат қызметіне байланысты ресми құжаттар жарияланып, депутаттық жұмыстар туралы мақалалар жарияланып отырады. Мәслихат тарапынан өтетін шараларға газеттің өкілдері тұрақты қатысады.
Аудандық мәслихаттың веб-сайтында, фейсбук әлеуметтік парақшасында аудандық депутаттық қызметі туралы материалдар жарияланып тұрады.
Мәслихат аппараты мәслихат депутаттарының қалыпты жұмыс жасауына ақпараттық-материалдық, әдістемелік көмекпен қамтамасыз етіп, мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссия отырыстарын ұйымдастарады.
Осы мақсатта оларға ішіне заң жинақтары, жазба дәптері мен қаламы салынған жаңа портфельдер үйлестірілді.
Әр ауылдық округ әкімшілік ғимараттарына сайлау округінен сайланған депутат туралы (өмірбаяны, сайлауалды бағдарламасы, жұмыс жоспары, қабылдау күндері, ... т.б мәліметтер көрсетілген) «Депутаттық бұрыш» ақпараттық тақталары ілінді.
Аудандық әкімі аппараты ғимаратының дәлізінде мәслихаттың ақпараттық тақтасы, аудандық мәслихат аппаратының қабылдау бөлмесінде ақпараттық-көрнекілік депутаттық стенд жасақталды.
Аудандық мәслихат депутаттары мәслихаттардың халық билігінің бастауы екендігін жете сезіне отырып, жергілікті билік органдарымен бірлесе аудан көлемінде туындаған мәселелерді уақытылы шешу, депутаттардың сайлауалды бағдарламаларын орындау, олардың депутаттық міндеттерін адал, жоғары біліктілікпен атқаруға жәрдемдесіп, аудан халқының тұрмыс деңгейін одан әрі жақсарту бағытында жұмыстана беретін болады.
Аудандық мәслихат хатшысы
Ш.Дуйсенгалиева