Сырым аудандық Қоғамдық кеңестің төралқасы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-Ү Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысына сәйкес аудандық Қоғамдық кеңестің шығып қалған 2 мүшесінің орнына, олардың өкілеттіліктерінің қалған мерзіміне сайлау туралы конкурс жариялайды.
Конкурсқа, қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат ретінде он сегіз жасқа толған, Сырым ауданында тұратын және аталған заңның 10-бабының 1 - тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін:
1. Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2. Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда аталған құжаттарды осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде, мына мекенжайға жолдау қажет:
БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, №8, Сырым аудандық мәслихаты, 302 кабинет, телефон 87113431122, электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сырым аудандық Қоғамдық кеңестің төралқасы