Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен «Бір жасыңмен!» деп қос қолын беріп көріседі. Өкпе-назын ұмытып, сыйластық пен ризашылықтарын арттырады.
Дастархандарын молынан жайып, келушілерге ауыз тигізіп, балаларға бауырсақ, тәттілерін үлестіреді. Бұл дастархан жоралғысы жыл бойына балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.
Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы, балаларымыз мәре-сәре болған осындай мереке баршамызға құт - береке әкелсін.
Аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева