2017 жылдың 10 наурызы күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Оған аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы К.Исатаева, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев, аудандық мәслихат аппаратының мамандары қатысты.

Комиссия отырысына аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Даргужиев төрағалық етті. Комиссия күн тәртібіндегі сессияға ұсынылған мәселелер бойынша хабарламашыларды тыңдап, талқылап, сессияда хабарлама жасау туралы қаулы қабылдады.