Құрметті әжелер, аналар, әпкелер, сіңлілер! 

 

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Әрқашан мына өмірге сән беріп, шауақ шашып тұратын әйел-ананың орны бөлек. Сіздерге де осынау қуаныштар бұйырып, отбасыларыңыздағы жылу артып, мерейлі мезетке, шабытты шаққа жетіп, жарқырай беріңіздер.

Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын.

Сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бірлік-береке, әсемдік тілеймін.

Көктемнің осы мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. 

 

Құрметпен, Сырым аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева