Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.

Алғыс айту күні - ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл күн Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолындағы аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Құрметті аудан тұрғындары! 

Осындай көктемнің алғашқы айындағы алғашқы айтулы күні - Алғыс айту күнінде баршаңызға отбасылық амандық, денсаулық, қызметтеріңізге өрлеу тілеймін.

Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!

Аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева