2017 жылдың 15 ақпан күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.
Оған аудандық мәслихаттың ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Б.Хамидуллин, комиссия мүшелері Д.Тайшиев, аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия мүшелері А.Ниязгалиева, С.Тоқмамбетов, мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенгалиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Исанов, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Т.Кенжахметов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Баяндыков, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры С.Иманғалиев және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Отырысты аудандық мәслихаттың ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Б.Хамидуллин ашып жүргізді.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы туралы.
Баяндамашы: Е.Исанов - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
2. Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі басшысының есебі туралы.
Баяндамашы: Т.Кенжахметов- аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы.
3. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығының есебі туралы»
Хабарламашы: С.Иманғалиев - аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы.
4. Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 10 қаңтардағы №10-1 «Сырым ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешімін жою туралы.
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева- аудандық мәслихат хатшысы.
5. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева- аудандық мәслихат хатшысы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашылар мен хабарламашылар тыңдалып, мәселелер талқыланып, тиісті қаулылар қабылданды.