2017 жылдың 15 ақпан күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Оған аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Т.Даргужиев комиссия мүшелері Б.Тасқалиев, Р.Ихсанова, С.Берсебаев және аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенгалиева, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Қайырғалиев, аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Отырысты аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Т.Даргужиев ашып жүргізді.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. «2011-2020 жылдары тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасының орындалуы туралы»
Хабарламашы: М.Қайырғалиев - аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Қайырғалиев баяндама жасады:
«Құрметті комиссия мүшелері, депутаттар!
Елбасы Н.Назарбаев жыл сайынғы жолдауларында халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын одан әрі жақсара түсуге бағытталған міндеттерді жүктеп отыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру Елбасының назарында.Соның қатарында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту және модернизациялау бағдарламасы бар.
Бағдарлама коммуналдық инфрақұрылымға жаңғырту жүргізу үшін шаралар әзірлеуді және қабылдауды қамтамасыз етеді, тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құрады, халыққа көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ қаржыландырудың әлеуметтік тетіктерін құру арқылы терможаңғыртуды қоса алғанда, кондоминиумның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін ағымдағы және күрделі жөндеу мынадай екі тетік бойынша жүргізілетін болады, біріншісі Республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттер бөлінеді, олар мамандандырылған өңірлік ұйымдарды әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (бұдан әрі - ӘКК) капиталдандыруға жұмсалатын болады.
Екінші тетік Республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға жылына 0,1 % ставкамен 7 жылға кредит бөлінетін болады. Облыстың жергілікті атқарушы органдары облыстық маңызы бар қаланың (ауданның) жергілікті атқарушы органдарына кредит береді.
Облыстық маңызы бар қаланың (ауданның) жергілікті атқарушы органдары мемлекеттің қатысумен мамандандырылған уәкілетті ұйым құрады немесе осындай жұмыс істеп жатқан ұйымдарды тартады.
Осы бағдарлама шеңберінде аудан бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге болатын 13 көппәтерлі тұрғын үй бар.
2013 жылы осы бағдарламаның 1 тетігі бойынша, яғни «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында Жымпиты ауылының Ж.Досмухамедов көшесіндегі №7 және М.Маметова көшесіндегі №4 тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. Жөндеу жұмыстары кезінде жасақталған жобалық-сметалық құжат бойынша, тұрғын үйдің шатыры түгел ауыстырылды және Ж. Досмұхамедов көшесідегі №7 үйдің подъездері жөнделіп сыртқы есіктері, терезелері түгел ауыстырылып, ауыз су жүйесі орнатылып және кәріз жүйесі тартылды. Сыртқы жары фасадтық сырмен сырланды.
2014 жылды Жымпиты ауылындағы А.Молдагулова №1,2; Ж.Досмухамедова №9 және Х.Есенжанова №21-ші көппәтерлі тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобалық-сметалық құжжат бойынша жалы құны 38370 мың теңгені құрады. Аталмыш тұрғын үйлердің терезелері, шатырлары, подъездері жөнделген болатын.
Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталды.
Бағдарламаның екінші тетігі бойынша 2015 жылы көппәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары Ж.Досмұхамедов көшесіндегі №13 және №15 орналасқан үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы құны 17524 мың теңгені құрайды.Аталмыш тұрғын үге кәріз жүйесі және таза ауыз суы тартылды. Үйдің шатырлары жөнделіп, есік терезелері ауыстырылды.
2013-2014 жылғы жөндеу жұмыстары жүргізілген көппәтерлі тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарының қаржысы, жылдық берешектері, берешектерін қайтарған және тұрғын үй көмегін алған туралы мәліметтер.
№ |
Мекен жай |
Жөндеудін жалпы құны |
Жылдық берешегі |
Төленген қаржы |
Тұрғын көмегі |
1 |
Ж.Досмухамедов №7 |
18 608 987 |
1240599 |
875349,78 |
474672 |
2 |
Ж.Досмухамедов №9 |
10 199 841 |
679987 |
- |
- |
3 |
Х.Есенжанов №21 |
11 603 930 |
1014042 |
811443,4 |
340362 |
4 |
А.Молдагулова №1 |
11 490 552 |
766036,8 |
249172 |
|
5 |
А.Молдагулова №2 |
7 745 846 |
516389,8 |
469044 |
37950 |
6 |
М.Маметова №4 |
2 198 945 |
146596,3 |
297180 |
- |
7 |
Досмухамедов №13 |
7615506 |
565488 |
322212 |
306336 |
8 |
Досмухамедов №15 |
9908944 |
721932 |
462425 |
115551 |
Барлығы |
|
5651070,98 |
3486826,18 |
1274871 |
Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудын 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жөндеу жүргізілген және жоспарланған тұрғын үйлер туралы мәліметтер.
Жалпы жөнделген тұрғын үйлерде 56 пәтер орналасқан, айлық төлемі орташа есеппен 5752 теңгені құрайды. (322156 теңге айлық төлем). Айлық төлемнің ең төменгі мөлшері 2242 теңге болса, жоғарғы мөлшері 11565 теңгені құрап отыр. Сонымен қатар осы тұрғын үйлерде коммуналдық меншіктің есебінде тұрған 6 пәтер бар.
Бұл пәтерлер бойынша жалпы есептелген берешек - 13,703 мың. теңгені құрап отыр.
Сөзімді қорыта келе, Қазақстан Республикасының бағдарламаларының барлығы дерлік халықтың игілігі үшін әзірленіп, бағдарламаның тиімділігін көру үшін халыққа жағдай туғызып отыр. Қазақстан Республикасының бағдарламаларының бір және бірегейі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы. Бұл бағдарлама Елбасының басты назарында болып келеді. Көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары тиісті жайлылық деңгейімен, оңтайлы жағдайда өмір сүру үшін ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстау, сақтау және пайдалану үшін өзара іс-қимыл жүргізулері қажет.»
№4 Бұлан сайлау округінен аудандық мәслихат депутаты Хамидуллин Бакытжан Кашукұлы Өлеңті ауылына қарасты ескі мектепті модернизация бағдарламасы бойынша жекеге беру жөнінде өз ұсынысын білдірді.
Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап, талқылап аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы хабарламаны қатерге алу жөнінде қаулы алды.