Елбасы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында мемлекетімізде бәсекеге қабілетті жұмысшы мамандар даярлап, инновациялық экономика құру үшін барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануды тапсырды. 2017 жылдан бастап "Баршаға арналған тегін кәсіптік -техникалық білім беру" жобасы жүзеге асырылып келеді.
Аудандық мәслихат депутаты, «Сырым колледжі» МКҚК басшысы Санат Даленұлы Берсебаев «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалымен бірлесіп осы жылдың 17 қаңтарында тақырыптық қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында бағдарлама туралы, болашақта техникалық мамандықтарға бөлінетін оқу гранттары бөлінетіндігі, талапкерлер мемлекеттік колледждермен бірге, жеке меншік арнайы-орта оқу орындарында да тегін білім ала алатындығы, қазіргі елдің индустриалдық орталықтарында құрылысшылар мен электр мамандары, дәнекерлеуші мен автомеханиктер тапшы екені айтылып қоғамдық қабылдауға жолыққан жастарға түсіндіріліп, бағыт- бағдар берілді.