2017 жылдың 11 қаңтар күні Сырым аудандық Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.
Қоғамдық кеңестің 25 мүшесінен отырысқа 18 мүшесі, аудан әкімі Шыныбеков Абат Абайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, ауылдық округтардағы қауымдастықтардың төрағалары, қоғамдық ұйым өкілдері, көше комитеттерінің төрағалары, күн тәртібіндегі мәселеге байланысты бір қатар адамдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, барлығы 87 адам қатысты.
Отырысты аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Галимов ашып жүргізді.
Отырыста Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 23 бабына сәйкес Жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі бойынша аудан әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының есебі тындалды.
Баяндама бойынша аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі, Жосалы ауылдық округі бойынша Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жусупов Асан Сапарұлы, БҚО кәсіпкерлер палатасының Сырым аудандық филиалының директоры Балғалиев Айдынғали Базарғалиұлы сөз алып аудан әкімінің есебіне оң бағаларын беріп, ұсыныстарын айтты.
Өлеңті ауылының тұрғыны, зейнеткер Елубаев Тауфик, Жымпиты ауылының тұрғыны Гайниев Еркін аудан мектептерінде спорт инвентарларының, әсіресе шаңғының жетіспеушілігі туралы, жол мәселелері бойынша өз ұсыныстарын айтты.
Айтылған ұсыныстар мен қойылған сұрақтарға аудан әкімі толық жауап берді.