2017 жылдың 12 шілдесі күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХҮІІ сессиясы болып өтті.

Сессияға аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімі Төлеген Серікқкалиұлы Төреғалиев, аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округтардағы ардагерлер кеңесінің төрағалары, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері, учаскелік полиция инспекторлары, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияны аудандық мәслихат хатшысы Шынар Сайлауқызы Дуйсенгалиева ашып жүргізді.

 

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды:

1. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №9-2 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Шалабаев Муса Кеңесұлы - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2. 2017 жылдың І жартыжылдығында жергілікті полиция қызметінің есебі туралы.

Хабарламашы: Журалиев Ерлан  Шалбайұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы.

3. Сырым ауданы әкімдігінің дербес құрамы туралы.

Хабарламашы: Хасанов Меирбек Мәлікұлы - аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы.

 

Сессия аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес жүргізілді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тыңдалды, пікірлер айтылды. Шешім жобалары дауысқа қойылып, қабылданды.