2014 жылдың 27 қараша күні аудандық мәслихаттың ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік, экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Оған комиссияның төрағасы М.Рахымжанов, комиссия мүшелері А.Дүйсенгалиев, А.Табышев, Е.Исанов және аудандық мәслихат депутаттары Х.Мусағалиев, С.Кударов, Н.Раймова, С.Усенов мәслихат хатшысы А.Галимов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Нурпейсов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Байтасов қатысты.
Отырысты аудандық мәслихаттың ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік, экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.Рахымжанов ашып жүргізді.
Күн тәртібіндегі мәселелер тыңдалып, талқыланып аудандық мәслихаттың ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия қаулы алды.