2014 жылдың 7 қазаны күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІІ сессиясы болып өтті.

Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 10 депутат, аудан әкімі Шыныбеков Абат Абайұлы, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тізім бойынша қатысты.

Сессияны оның төрағасы №10 Аралтөбе сайлау округінен депутат В. Джумагалиев ашып жүргізді.

Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселе қаралды:

1. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №16-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Хабарламашы: М. Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы