ШЕШІМ РЕШЕНИЕ
2021 жылғы 18 ақпандағы №3-6
Жымпиты ауылы село Жымпиты
Жер комиссиясының құрамы
және ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және аудан әкімдігінің 2021 жылғы 15 ақпандағы №13 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
-
Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жер комиссиясының құрамы бекітілсін.
-
Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жер комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
-
Осы шешімнің 3-қосымшасымен Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдері жойылды деп танылсын.
Сессия төрағасы Т.Даргужиев
Мәслихат хатшысы Ш. Дуйсенгалиева
Сырым аудандық мәслихатының
2021 жылғы 18 ақпандағы №3-6
шешіміне 1-қосымша
Жер комиссиясының құрамы
Ерболат Ажмұханбетұлы Ахметов |
- |
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы |
Арман Мажитұлы Токтаров |
- |
аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары |
Бердес Беркінұлы Тулегенов |
- |
аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы; |
Комиссия мүшелері
Асхат Тулегенұлы Бисенгалиев |
- |
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы Сырым ауданы филиалының директоры (келісім бойынша) |
|
Агедил Жанкабылұлы Нурмашев |
- |
Сырым аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша) |
|
Асхат Габделгазезұлы Дүйсенгалиев |
- |
аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша) |
|
Артур Сундеткалиұлы Искаков |
- |
аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы |
|
Руслан Кайратұлы Усагалиев
|
- |
аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы |
|
Айдынғали Базарғалиұлы Балғалиев |
- |
Сырым аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша) |
|
Ғанимат Хайыржанұлы Нұрмұханов
|
- |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, аудандық кәсіпкерлер ұйымының өкілі (келісім бойынша) |
|
Сырым ауданы Алғабас ауылдық округінің әкімі |
|
||
Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округінің әкімі |
|
||
Сырым ауданы Бұлан ауылдық округінің әкімі |
|
||
Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің әкімі |
|
||
Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің әкімі |
|
||
Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округінің әкімі |
|
||
Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің әкімі |
|
||
Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің әкімі |
|
||
Сырым ауданы Елтай ауылдық округінің әкімі |
|
||
Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің әкімі |
|
||
Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі |
|
||
Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі |
|
||
Жергілікті қоғамдастық жиналысы жіберген, ауылдық округтің жергілікті халық өкілдері: |
|||
Баян Қойшыбайұлы Дюсенбаев |
- |
Алғабас ауылдық округі |
|
Владимир Сайынұлы Джумагалиев |
- |
Аралтөбе ауылдық округі |
|
Бейбіт Макаримұлы Бисенов |
- |
Аралтөбе ауылдық округі |
|
Болат Таскалиев |
- |
Бұлдырты ауылдық округі |
|
Еркін Ахметұлы Мырза |
- |
Бұлдырты ауылдық округі |
|
Бауржан Мажитұлы Калишанов |
- |
Бұлан ауылдық округі |
|
Марат Мендібайұлы Адилгереев |
- |
Бұлан ауылдық округі |
|
Женис Болатұлы Шапешов |
- |
Қособа ауылдық округі |
|
Талғат Қалидоллаұлы Ақшолақов |
- |
Жосалы ауылдық округі |
|
Асан Сапарұлы Жүсіпов |
- |
Жосалы ауылдық округі |
|
Мұратай Абдрахманов |
- |
Жетікөл ауылдық округі |
|
********************* |
- |
Жымпиты ауылдық округі |
|
Кадырбек Тилеккабылұлы Шулеуов |
- |
Елтай ауылдық округі |
|
Жардемғали Жұматов |
- |
Сарой ауылдық округі |
|
Ғалиақпар Мағуанұлы Мурзеев |
- |
Талдыбұлақ ауылдық округі |
|
Кәкімғали Аманғалиұлы Телегенов |
- |
Талдыбұлақ ауылдық округі |
|
Жаскайрат Жолимбетұлы Кенжебаев |
- |
Шолақаңқаты ауылдық округі |
Жер комиссиясы туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
-
Осы Жер комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
-
Жер комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы аумағының құзыреті шегінде тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
-
Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2-тарау. Комиссияның функциялары мен құқықтары
-
Комиссияның функциялары жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындылар дайындау болып табылады.
-
Комиссия өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан жер учаскесінің бары немесе жоғы туралы, жер учаскесіне ауыртпалық туралы, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бары немесе жоғы туралы, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің пайдаланылу режимі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.
3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
-
Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
-
Комиссия құрамы Кодекстің 43-бабына сәйкес айқындалады.
-
Комиссия төрағасы аудан әкімінің жер мәселеріне жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.
-
Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
-
Комиссия төрағасы:
-
отырысты шақырады;
-
Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
-
Комиссияның жұмысын жоспарлайды;
-
Комиссия отырыстарына төрағалық етеді.
-
Комиссия мүшелері:
-
ұсынылған материалдармен танысады;
-
Комиссия отырысында қаралуы тиіс мәселелерді қарайды және тиісті шешім шығаруға қатысады;
-
отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттігін басқа адамға бермейді.
-
Комиссия хатшысы:
-
Комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;
-
Комиссия мүшелеріне Комисия отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;
-
отырысты өткізуге қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асырады, комиссия отырысының хаттамасын және комиссия отырысының қорытындысын ресімдейді;
-
Комиссия мүшесі болып табылмайды.
-
Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.
Комиссия хатшысының міндеттері Жұмыс органының маманына жүктеледі.
-
Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақыты мен орнын Комиссия төрағасы айқындайды.
-
Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыруды, Комиссия мүшелерін шақыруды, Комиссия қорытындыларының жобаларын және басқа да қажетті іс-шараларды Жұмыс орган қамтамасыз етеді.
-
Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысу саны қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын құруы тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығысыз қатысады.
-
Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысушы жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер жер комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе шешім қабылданды деп саналады.
-
Комиссия отырысы міндетті түрде аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазылады. Жер комиссиясының отырысын аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазуды Сырыфм ауданының әкімдігі жүзеге асырады.
-
Комиссияның қорытындысы бес жұмыс күні ішінде Жұмыс органы сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды Комиссияға берген уақыттан бастап хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады.
-
Комиссияның оң қорытындысының бір данасы бес жұмыс күні ішінде оның жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін өтініш берушіге беріледі.
4-тарау. Қорытынды ережелер
-
Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Сотқа арыз берілгенде Комиссияның хаттамалық шешімінің орындалуы тоқтатылады.
-
Комиссия қызметін материалдық-техникалық (жер комиссиясы отырысының барысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарымен, аудио-, бейнежазбаны сақтау, сондай-ақ жер комиссиясы отырысының аудио-, бейнежазбасын жүзеге асыру үшін қажетті жабдық орналастыруға арналған аппараттық үй-жаймен) қамтамасыз ету Сырым ауданы әкімінің аппаратына жүктеледі.
Сырым аудандық мәслихатының
2021 жылғы 18 ақпандағы №3-6
шешіміне 3-қосымша
-
Сырым аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 ақпандағы №51-4 «Жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешімі.
-
Сырым аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 шілдедегі №56-4 Сырым аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 ақпандағы №51-4 «Жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі.