41-1         06.06.2019

Жымпиты ауылысело Жымпиты

 

 

Сырым аудандық мәслихатының

2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 34-2

«2019-2021 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1.Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 34-2 «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5492 тіркелген, 2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «1. 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 4 712 665 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 330 273 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 5 725 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 220 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 4 374447 мың теңге;

         2) шығындар – 4 732 230 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 101 664 мың теңге:

         бюджеттік кредиттер – 132 563 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 30 899 теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 13 900 мың теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 13 900 мың теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – -135 129 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 135 129 мың теңге; 196927

         қарыздар түсімі – 132 563 мың теңге;

         қарыздарды өтеу – 30 899 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 33 465 мың теңге.»;

         3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «3. 2019 жылға арналған аудандық бюджетке бөлінетін нысаналы республикалық, облыстық трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 1 965880 мың теңге көлемінде қарастырылсын:

1) республикалық бюджет трансферттер сомасы – 1 587614 мың теңге:

         ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 474084 мың теңге;

         бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен педагог-психологтарының еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 215327 мың теңге;

         үйде және жартылай стационар жағдайында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге – 3 806 мың теңге;

         мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 4 997 мың теңге;

         техникалық көмекшi құралдар тiзбесiн кеңейтуге – 3 092 мың теңге;

         жалақыны ішінара субсидиялауға – 8 215 мың теңге;

         жастар практикасына – 29164 мың теңге;

         халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге – 8 277 мың теңге;

         мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 350574 мың теңге;

         «NEET» санатындағы жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттарға – 16160 мың теңге;

         Алғабас ауылының кірме жолын орташа жөндеуге – 110 636 мың теңге;

         Қосарал, Жетікөл ауылдарының су құбырын реконструкциялауға – 100 000 мың теңге;

         Тоғанас ауылының су құбырын қайта жаңартуға – 100 000 мың теңге;

         заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге өтемақы – 46 054 мың теңге;

         Жымпиты ауылында 3 қабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысына – 303 123 мың теңге;

         мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге – 21280 мың теңге;

         2) облыстық бюджет трансферттер сомасы – 245703 мың теңге:

         жастар практикасына – 3 030 мың теңге;

         жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 11 603 мың теңге;

         Алғабас ауылының кірме жолын орташа жөндеуге – 106 221 мың теңге;

         жұмысқа орналастыру бойынша жеке агенттерге – 115 мың теңге;

         1, 4, 9, 10 сыныптардың және мектеп алды даярлық тобының жаңартылған білім беру мазмұнына көшуіне байланысты аудан мектептеріне кітаптар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға – 79 933 мың теңге;

         Жымпиты ауылында 3 қабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысына – 15 880 мың теңге;

         «Виртуалды лаборатория» порталына жазылуға және мұғалімдерге тренингке қатысуға – 2750 мың теңге;

         «NEET» санатындағы жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттарға – 2525 мың теңге;

         «Әулие Дадем Баба» кесенесіне апаратын автомобиль жолын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттама дайындауға – 16651 мың теңге;

         Бұлан ауылына кіреберіс автомобиль жолын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға – 6995 мың теңге;

         3) бюджеттік кредиттер сомасы – 132563мың теңге:

         мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттер – 132 563 мың теңге.»;

         көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.