ШЕШІМ РЕШЕНИЕ
2019 жылғы 15 ақпандағы №37-9
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Жер комиссиясының құрамы
және ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және аудан әкімдігінің 2019 жылғы 13 ақпандағы №53 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Жер комиссиясының құрамы төмендегіше бекітілсін:
Ахметов Ерболат Ажмұханбетұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Тулегенов Бердес Беркинович - аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары;
Рахимкулова Турсунгуль Куандыковна-- аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маман есепшісі, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:
Балғалиев Айдынғали Базарғалиұлы - БҚО кәсіпкерлер палатасының Сырым ауданындағы филиалының директоры (келісім бойынша);
Бектенов Уркен Орденбаевич - аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысы;
Дүйсенгалиев Асхат Габделгазезұлы - аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша);
Молдағалиев Қонысбай Закарияұлы - аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
Нұрмұханов Ғанимат Хайыржанұлы - аудандық кәсіпкерлер ұйымының өкілі (келісім бойынша);
Таскалиев Болат - «Атамұра» шаруа қожалығының басшысы, Сырым аудандық мәслихатының депутаты; (келісім бойынша)
Хамидуллин Бақытжан Кашукұлы - «Сырым НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басқарма төрағасы, Сырым аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер комиссиясы туралы ережесі бекітілсін.
Сессия төрайымы А.Ниязгалиева
Мәслихат хатшысы Ш. Дуйсенгалиева
Сырым аудандық мәслихатының
2019 жылғы 15 ақпандағы №37-9
шешіміне қосымша
Жер комиссиясы туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Жер комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
- Жер комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы аумағының құзыреті шегінде тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
- Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2-тарау. Комиссияның функциялары мен құқықтары
- Комиссияның функциялары жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындылар дайындау болып табылады.
- Комиссия өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан жер учаскесінің бары немесе жоғы туралы, жер учаскесіне ауыртпалық туралы, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бары немесе жоғы туралы, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің пайдаланылу режимі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.
3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
- Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
- Комиссия құрамы Кодекстің 43-бабына сәйкес айқындалады.
- Комиссия төрағасы аудан әкімінің жер мәселеріне жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.
- Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
- Комиссия төрағасы:
- отырысты шақырады;
- Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
- Комиссияның жұмысын жоспарлайды;
- Комиссия отырыстарына төрағалық етеді.
- Комиссия мүшелері:
- ұсынылған материалдармен танысады;
- Комиссия отырысында қаралуы тиіс мәселелерді қарайды және тиісті шешім шығаруға қатысады;
- отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттігін басқа адамға бермейді.
- Комиссия хатшысы:
- Комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;
- Комиссия мүшелеріне Комисия отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;
- отырысты өткізуге қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асырады, комиссия отырысының хаттамасын және комиссия отырысының қорытындысын ресімдейді;
- Комиссия мүшесі болып табылмайды.
- Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.
Комиссия хатшысының міндеттері Жұмыс органының маманына жүктеледі.
- Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақыты мен орнын Комиссия төрағасы айқындайды.
- Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыруды, Комиссия мүшелерін шақыруды, Комиссия қорытындыларының жобаларын және басқа да қажетті іс-шараларды Жұмыс орган қамтамасыз етеді.
- Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысу саны қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын құруы тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығысыз қатысады.
- Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысушы жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер жер комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе шешім қабылданды деп саналады.
- Комиссия отырысы міндетті түрде аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазылады. Жер комиссиясының отырысын аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазуды Сырыфм ауданының әкімдігі жүзеге асырады.
- Комиссияның қорытындысы бес жұмыс күні ішінде Жұмыс органы сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды Комиссияға берген уақыттан бастап хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады.
- Комиссияның оң қорытындысының бір данасы бес жұмыс күні ішінде оның жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін өтініш берушіге беріледі.
4-тарау. Қорытынды ережелер
- Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Сотқа арыз берілгенде Комиссияның хаттамалық шешімінің орындалуы тоқтатылады.
- Комиссия қызметін материалдық-техникалық (жер комиссиясы отырысының барысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарымен, аудио-, бейнежазбаны сақтау, сондай-ақ жер комиссиясы отырысының аудио-, бейнежазбасын жүзеге асыру үшін қажетті жабдық орналастыруға арналған аппараттық үй-жаймен) қамтамасыз ету Сырым ауданы әкімінің аппаратына жүктеледі.