ШЕШІМ РЕШЕНИЕ
2019 жылғы 15 ақпандағы №37-4
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі №18-5 «Жымпиты ауылының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі №18-5 «Жымпиты ауылының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
«Жымпиты ауылының оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бөлігіне топо-геодезиялық ізденістермен жүргізілген бөлшекті жоспарлау жобасы бекітілсін.».
Сессия төрайымы А.Ниязгалиева
Мәслихат хатшысы Ш. Дуйсенгалиева