ШЕШІМ РЕШЕНИЕ
2019 жылғы 15 ақпандағы №37-3
Жымпиты ауылы село Жымпиты
Сырым ауданы әкімдігі жанындағы
терроризмге қарсы комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және аудан әкімдігінің 2019 жылғы 7 ақпандағы №47 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Сырым аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы төмендегідей бекітілсін:
Комиссия төрағасы - Сырым ауданының әкімі;
Комиссия төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Сырым аудандық бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
Комиссия хатшысы - Сырым ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы;
Комиссия мүшелері:
Сырым ауданы әкімінің экономика, кәсіпкерлікті дамыту, ішкі саясат және әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары;
Сырым ауданы әкімінің агроөнеркәсіп кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс жөніндегі орынбасары;
Сырым ауданы полиция бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
Сырым аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
Жымпиты ауылдық округінің әкімі;
Бұлдырты ауылдық округінің әкімі;
Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы;
Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы;
«Сырым аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша).
- Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы №14-4 «Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» №14-4 шешіміне (06.03.2014ж. №17-3; 18.04.2014ж.№18-4; 05.08.2014ж. №21-6; 05.03.2015ж. №26-6; 22.09.2015ж. №30-2, 17.02.2016ж. №35-4, 12.08.2016ж. №6-5, 17.08.2017ж. №18-6, 28.11.2017ж. №20-5, 06.04.2018ж. №25-6, 15.10.2018ж. №32-7 шешімдерін қоса алғанда) шешімі жойылды деп танылсын.
Сессия төрайымы А.Ниязгалиева
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева