№31-2                                                             28 тамыз 2018 жыл

Жымпиты ауылы                                                                                                                                        село Жымпиты

 

Сырым аудандық мәслихатының

2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 22-1

«2018-2020 жылдарға арналған

ауылдық округтердің бюджеті туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 22-1 «2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5037 тіркелген, 2018 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. 2018-2020 жылдарға арналған Бұлдырты ауылдық округінің бюджеті тиісінше 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2018 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 24 791 мың теңге:

салықтық түсімдер – 3 900 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 250 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 20 641 мың теңге;

2) шығындар – 24 791 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. 2018 жылға арналған ауылдық округтердің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенция түсімдерінің жалпы сомасы 31 206 мың теңге көлемінде көзделсін, оның ішінде:

Жымпиты ауылдық округі – 14 887 мың теңге;

Бұлдырты ауылдық округі – 16 319 мың теңге.

2018 жылға арналған ауылдық округтердің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер түсімдерінің жалпы сомасы 5 442 мың теңге көлемінде көзделсін, оның ішінде:

Жымпиты ауылдық округі – 1 120 мың теңге, соның ішінде:

«Е-халық» бағдарламалық жүйесін қамтамасыз етуге – 890 мың теңге;

«Е-gov» жүйесінің қызметіне дербес компьютер сатып алуға – 230 мың теңге;

Бұлдырты ауылдық округі – 4 322 мың теңге, соның ішінде:

«Е-халық» бағдарламалық жүйесін қамтамасыз етуге – 890 мың теңге;

«Е-gov» жүйесінің қызметіне дербес компьютер сатып алуға – 230 мың теңге;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының ағымдағы шығындарын өтеуге – 3 202 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 4-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

                 Сессия төрайымы                                             Р.Ихсанова

                  

                Мәслихат хатшысы                                  Ш.Дуйсенгалиева