ШЕШІМ РЕШЕНИЕ
2018 жылғы 8 маусымдағы №27-2
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Сырым ауданы бойынша
тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға, шығаруға және көмуге
арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сырым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге арналған тарифтері бекітілсін.
- Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Б.Хамидуллин
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева
Сырым аудандық мәслихатының
2018 жылғы 8 маусымдағы №27-2
шешіміне қосымша
Сырым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтауға шығаруға және көмуге арналған тарифтер
№ |
Атаулары |
Есептік бірлік |
Баға, теңгемен (ҚҚС-сыз) |
1. |
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару тарифтері |
|
|
1) |
Жайлы үйлер |
1 тұрғын |
50 |
2) |
Жайсыз үйлер |
1 тұрғын |
50 |
3) |
Заңды тұлғалар |
1 текше метр |
465,01 |
2. |
Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму тарифі |
|
|
1) |
Жеке тұлғалар |
1 текше метр |
232,24 |
2) |
Заңды тұлғалар |
1 текше метр |
232,24 |
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
ҚҚС - қосылған құн салығы.