2017 жылғы 9 қазандағы №19-2
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Сырым аудандық мәслихатының
2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8
«Сырым ауданының әлеуметтік көмек
көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу
және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидасын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы №52 «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» және 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулыларына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3407 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы «Сырым елі» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
9 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бір реттік әлеуметтік көмек:
1) қатерлі ісік ауруымен онкологиялық есепте тұрған ауруларға, туберкулезбен ауыратындарға, аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;
2) дәрігерлік-кеңестік комиссия қорытындысы негізінде облыстан тысқары жерлерге емделуге баратын азаматтарға табыстарын есепке алмай ересектерге 15 АЕК, балаларға 29 АЕК мөлшерінде;
3) жан басына шаққандағы орташа табысы айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға) табыстарын есепке алып 5 АЕК мөлшерінде;
4) 90 жасқа толған және асқан адамдарға табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;
5) гемодиализ аппаратын қабылдайтын I топ мүгедектеріне табыстарын есепке алмай 50 АЕК мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысы мүгедегіне үйін жөндеуге 250 АЕК мөлшерінде;
7) аз қамтамасыз етілген азаматтарды (отбасыларды) жерлеу рәсіміне 15 АЕК мөлшерінде;
8) соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға санаторлық-курорттық ем алуы үшін, табыстарын есепке алмай 32 АЕК мөлшерінде;
9) мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емделуге баратын жол жүру (барып, қайту ) шығындарын өтеу үшін, билеттердің құны мөлшерінде;
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға босатылғаны туралы анықтама негізінде, табыстарын есепке алмай 10 АЕК мөлшерінде.»;
көрсетілген шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Д.Тайшиев
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева
«КЕЛІСІЛГЕН»
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
________________М.Тоқжанов
«____»______________2017жыл
Сырым ауданының әлеуметтік
көмек көрсету, оның
мөлшерлерін белгілеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидасына қосымша
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің
тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі
№ |
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері |
Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі |
1. |
9 мамыр – Жеңіс күні |
бір реттік |
2. |
15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күні |
бір реттік |
3. |
26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күні |
бір реттік |
4. |
29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні |
бір реттік |
5. |
Қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні |
бір реттік |