2017 жылғы 9 қазандағы                              №19-1

Жымпиты ауылы                                          с.Жымпиты

 

Сырым аудандық мәслихатының

2016 жылғы 21 желтоқсандағы №9-2

«2017-2019 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-2 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4649 тіркелген, 2017 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

 

1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын


«1. 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2017 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:


1) кірістер – 4 443 930 мың теңге:

 

салықтық түсімдер – 433 566 мың теңге;

 

салықтық емес түсімдер – 5 650 мың теңге;

 

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 220 мың теңге;

 

трансферттер түсімі – 4 000 494 мың теңге;

 

2) шығындар – 4 491 380 мың теңге;

 

3) таза бюджеттік кредиттеу – 292 840 мың теңге:

 

бюджеттік кредиттер – 309 037 мың теңге;

 

бюджеттік кредиттерді өтеу – 16 197 мың теңге;

 

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

 

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

 

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

 

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 340 290 мың теңге;

 

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 340 290 мың теңге;

 

қарыздар түсімі – 309 037 мың теңге;

 

қарыздарды өтеу – 16 197 мың теңге;

 

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 47 450 мың теңге.»;

 

3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 

 

«3. 2017 жылға арналған аудандық бюджетке бөлінетін нысаналы республикалық, облыстық трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 1 555 925 мың теңге көлемінде қарастырылсын:

 

1) республикалық бюджет трансферттер сомасы – 287 414 мың теңге:

 

тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 1 916 мың теңге;

 

оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 5 819 мың теңге;

 

үйде және жартылай стационар жағдайында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету – 3 421 мың теңге;

 

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 4 144 мың теңге;

 

техникалық көмекшi құралдар тiзбесiн кеңейтуге – 1 041 мың теңге;

 

«Өрлеу» жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізуге – 11 012 мың теңге;

 

жалақыны ішінара субсидиялауға – 4 223 мың теңге;

 

жастар практикасына – 11 572 мың теңге;

 

Аралтөбе ауылының су құбырын қайта құруға – 244 266 мың теңге.

 

         2) облыстық бюджет трансферттер сомасы – 959 474 мың теңге:

 

үштілді білім беруді дамыту Жол картасын іске асыру мақсатында тілдік курстарда мұғалімдердің біліктілігін арттыруға – 23 216 мың теңге;

 

мектепке дейін ұйымдарға жаңа оқу бағдарламаларының енуіне және 1, 2, 5, 7 сыныптарға жаңа оқулықтар шығуына байланысты оқулықтар сатып алуға – 67 297 мың теңге;

 

Жымпиты ауылының Мұхит және Қажымұқан көшелерінің автомобиль жолдарын орташа жөндеуге – 20 744 мың теңге;

 

Жымпиты ауылының «Кенащы» жер асты су кен орнынан сумен қамту жүйесінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға және инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық ізденістер жүргізуге – 20 108 мың теңге;

 

Шолақаңқаты өзенінің су жіберу құрылғысын қайта құруға – 82 284 мың теңге;

 

кәсіптік оқытуға жіберілгендердің оқуын аяқтауға – 1 889 мың теңге;

 

мобильді орталықтардағы оқуды қосқандағы еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқуға – 18 826 мың теңге;

 

Қосарал ауылының Сырым мектеп-балабақша кешенін күрделі жөндеуге – 157 273 мың теңге;

 

Тоғанас ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға – 2 318 мың теңге;

 

Аңқаты ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға – 1 656 мың теңге;

 

Құспанкөл ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға – 2 318 мың теңге;

 

Қарағанды ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға – 1 655 мың теңге;

 

Сасықкөл ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға – 1 655 мың теңге;

 

Жаңаөңір ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға – 1 655 мың теңге;

 

Жымпиты ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға – 1 926 мың теңге;

 

Жымпиты ауылының Асадуллин көшесінің автомобиль жолының құрылысына – 94 865 мың теңге;

 

Жымпиты ауылының Қолғанатов көшесінің автомобиль жолының құрылысына – 59 104 мың теңге;

 

Бұлдырты ауылының Датов көшесі бойындағы бір пәтерлі 10 тұрғын үйлердің құрылысына -56 144 мың теңге;

 

Жалпы орта білім беру мектептерінің оқу үрдісіне «Робототехника» элективті курсын енгізу және робототехника жиынтығына қосымша элементтер алу – 9 000 мың теңге;

 

оқушыларды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге – 2 434 мың теңге;

 

«Е-Халық» жүйесін енгізуге – 5 040 мың теңге;

 

музей ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және экспозициясын жаңартуға – 23 639 мың теңге;

 

Жымпиты ауылының Асадуллин және Исаев көшелері бойындағы бір пәтерлі 14 тұрғын үйлердің құрылысына – 135 277 мың теңге;

 

Аралтөбе ауылының су құбырын қайта құруға – 54 499 мың теңге;

 

Тоғанас ауылына кірме жолды орташа жөндеуге мемлекеттік сараптамасымен жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға – 13 985 мың теңге;

 

Алғабас ауылына кірме жолды орташа жөндеуге мемлекеттік сараптамасымен жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға – 5 408 мың теңге;

 

Жымпиты ауылының Қ.Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 8 260 мың теңге;

 

Қосарал ауылының Сырым мектеп-балабақша кешенінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 23 361 мың теңге;

 

Тоғанас ауылының әлеуметтік нысандарды газдандыру құрылысына – 23 955 мың теңге;

 

Жымпиты ауылының әкімшілік ғимараты мен гараж құрылысына – 39 683 мың теңге.

 

         3) бюджеттік кредиттер сомасы – 309 037 мың теңге:

 

Қоңыр ауылының су құбырын қайта құруға берілетін кредиттер – 189 914 мың теңге;

 

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттер – 119 123 мың теңге.»;

 

көрсетілген шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

  1. Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Сессия төрағасы                                              Д.Тайшиев

                  

Мәслихат хатшысы                                        Ш.Дуйсенгалиева

 

 

Жүктеу: 2017 жылға арналған аудандық бюджет