2017 жылғы 17 тамыздағы №18-12
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы
12 тамыздағы №6-9 «Аудан әкімдігі
жанындағы консультациялық-кеңесші
орган үкіметтік емес ұйымдармен
ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
жөніндегі Кеңесінің дербес құрамы туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және аудан әкімдігінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 260 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 12 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің дербес құрамы туралы» №6-9 шешіміне төмендегіше өзгерістер енгізілсін:
- кеңес төрағалығына Сырым ауданы әкімі Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлы енгізіліп, сәйкесінше Шыныбеков Абат Абайұлы шығарылсын;
- кеңес мүшелігіне аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жоламанов Аян Тауфиқұлы енгізіліп, сәйкесінше Қайырғалиев Мейрам Нұрмағамбетұлы шығарылсын;
- кеңес мүшелігіне аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Закин Нұрлан Тарғынұлы енгізіліп, сәйкесінше Альмуханов Арман Өтегенұлы шығарылсын;
- кеңес мүшелігіне «Сырым аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры міндетін уақытша атқарушы Тахамбетова Роза Құтқожақызы енгізіліп, сәйкесінше Дүсеев Мұрат Баяшұлы шығарылсын;
- кеңес мүшелігіне «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тлегенова Альмира Жалғабайқызы енгізіліп, сәйкесінше Ерғалиева Гүлбақша Қалиахметқызы шығарылсын;
- кеңес мүшелігіне «Сырым» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исламгалиев Айбар Ергенұлы енгізіліп, сәйкесінше Жумагужиев Ержан Ергенұлы шығарылсын;
- кеңес мүшелігіне «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Нұртілеу Жеңісұлы енгізіліп, сәйкесінше Серік Асхат Сағынбайұлы шығарылсын.
Сессия төрайымы А.Ниязгалиева
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева