2017 жылғы 17 тамыздағы 2017 жылғы 17 тамыздағы
№18-2 №261
Жымпиты ауылы
Бұлдырты ауылының батыс жақ
бетіне инженерлік коммуникациялық
желілер тартылған елді мекеннің
құрамдас бөліктеріне (көшелер)
жаңадан атау беру ұсынысы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Бұлдырты ауылы халқының жергілікті қоғамдастық кеңесі жиналысының қорытындысы бойынша Бұлдырты ауылының батыс жақ бетіне инженерлік коммуникациялық желілер тартылған елді мекеннің құрамдас бөліктеріне (көшелер) жаңадан атау беру үшін бірлескен аудандық мәслихат шешімі және аудан әкімдігінің қаулысы облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.
Сессия төрайымы Аудан әкімі
А.Ниязгалиева Т.Төреғалиев
Маслихат хатшысы
Ш.Дуйсенгалиева