2017 жылғы 8 маусым №15-2
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің
жергілікті полиция қызметі басшысының
лауазымына келісім беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 5-1- тармақшасына және облыс әкімінің 2017 жылғы 4 маусымдағы №04-029/1762 ұсынысы негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі басшысының лауазымына Журалиев Ерлан Шалбайұлын тағайындауға келісім берілсін.
Сессия төрайымы А.Ниязгалиева
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева