24 мамыр 2017 жыл. №14-4
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық
жазаларды және қылмыстық-құқықтық
ықпал ету шараларын орындайтын органдар
мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі,
сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген
адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті
ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші
органның дербес құрамы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және аудан әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы №144 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамы төмендегіше бекітілсін:
Саркулов Асланбек Ахметоллаұлы |
аудан әкімінің орынбасары, консультациялық-кеңесші орган басшысы |
Сарсенов Бейбіт Борашұлы |
Сырым аудандық пробация қызметінің инспекторы, консультациялық-кеңесші орган хатшысы (келісім бойынша) |
Комиссия мүшелері:
Альмуханов Арман Өтегенұлы
|
Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша) |
Баяндыков Арман Толқынұлы
Даргужиев Талғат Мұратұлы
Дуйсенгалиева Шынар Сайлауқызы
Дусеев Мұрат Баяшұлы
Ергазиева Зәмзәгүл Мерекеқызы
Жоламанов Аян Тауфикұлы
Молдагалиев Қонысбай Закарияұлы
Нарматов Бауыржан Ахтанбердыұлы
Нурпейсов Салауат Жолайұлы
Уашев Өтеген Қайыржанұлы
|
Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Сырым аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)
Сырым аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)
«Сырым аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)
Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы
Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы
Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Сырым ауданы прокуратурасының аға прокуроры (келісім бойынша)
Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Сырым аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы
|
- Сырым аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 наурыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамы туралы» № 26-8 шешімі жойылды деп танылсын.
Сессия төрайымы А.Ниязгалиева
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева