Жымпиты ауылы с.Жымпиты
2017 жылғы 10 наурыздағы №12-6
Сырым аудандық мәслихатының
2016 жылғы 19 сәуірдегі №2-6
«Сырым аудандық Қоғамдық кеңес
туралы ережені бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі №2-6 «Сырым аудандық Қоғамдық кеңес туралы ереже бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген аудандық Қоғамдық кеңес туралы ережесінде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату және қоғамдық кеңестің шығып қалған мүшелерінің орнына жаңа мүшелер іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі.
1. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.
2. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңес туралы» Заңының 10 бабы 1- тармағында көзделген өзге де негіздер бойынша Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.
3. Қоғамдық кеңес шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңес туралы» Заңының 9 бабы 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша немесе органның шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамына жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.
4. Қоғамдық кеңестің шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне кандидатураларды мемлекеттік органдар, коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде азаматтардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
5. Мемлекеттік органнан қоғамдық кеңестің құрамындағы өкілі шығып қалса, сол мемлекеттік орган немесе басқа мемлекеттік орган қоғамдық кеңес құрамына ұсыныс бере алады. Аталған мемлекеттік органдардан өкілдерін жеке құрамын аудандық қоғамдық кеңестің төралқасы айқындайды.
6. Аудандық қоғамдық кеңестің төралқасы шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) өкілді органның интернет-ресурсында орналастырады.
7. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде қоғамдық кеңес төралқасына кандидатураларды жазбаша түрде ұсынуға жібереді. Өзінің ұсынысын жіберген әрбір коммерциялық ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.
8. Азаматтық қоғамнан қоғамдық кеңестің шығып қалған мүшесі орнына кандидаттарға Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10 бабы 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
9. Конкурс мерзімі аяқталған соң келіп түскен ұсыныстардың негізінде қоғамдық кеңес төралқасы кандидаттар тізімін әзірлейді және 1 ай ішінде кеңес мүшелігіне кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтарды шақырумен қоғамдық кеңес отырысын ұйымдастырады.
10. Қоғамдық кеңес отырысында коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидаттарды талқылау жүргізіледі. Кандидаттарды талқылау қорытындысы бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен ашық дауыс беріледі. Тең дауыс санын жинаған кандидатуралар бойынша қоғамдық кеңес төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
11. Қоғамдық кеңестің шығып қалған мүшелерінің орнына енгізілген өзгерістерімен жаңа құрамы жергілікті өкілді органның шешімімен бекітіледі.
12. Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы жергілікті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.».
2. Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Т.Даргужиев
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева