2017 жылғы 15 ақпандағы №11-1
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Қазақстан Республикасында діни
экстремизм мен терроризмге қарсы
іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламаның
орындалу барысы туралы.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындаудағы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Исановтың баяндамасы қатерге алынсын.
2. Аудан бойынша Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үстіміздегі жылға белгіленген тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысына (Е.Исанов) тапсырылсын.
Сессия төрағасы Б.Хамидуллин
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева