2017 жылғы 10 қаңтардағы №10-2
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы
17 ақпандағы №35-1 «2016-2020 жылдарға арналған Сырым ауданының аумақтық
даму бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 17 ақпандағы №35-1 «2016-2020 жылдарға арналған Сырым ауданының аумақтық даму бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне қосымшаға сәйкес толықтыру енгізілсін.
Сессия төрағасы Б.Хамидуллин
Мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева
Сырым аудандық мәслихатының
2017 жылғы 10 қаңтардағы №10-2
шешіміне қосымша
Мақсат 6.2 - Ауыл халқының өмір сүру жағдайын жақсарту
№ |
Индикаторлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Жауапты орындаушы |
47 |
Тірек АЕМ тұрғындар санының көбеюі |
мың адам |
4,1 |
4,2 |
4,3 |
4,4 |
4,4 |
|
Қол жеткізу жолдары: Ауылдық жерлерде жұмыс істеу және тұру үшін жағдайды жақсарту, оның ішінде тірек елді мекендерді дамыту. Жұмыс істеуге келген мамандарға тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігін іздестіру. Әлеуметтік сала мамандарына біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу. Әлеуметтік сала мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру. |
|