2016 жылғы 21 желтоқсандағы                             №9-4

 

Жымпиты ауылы                                                                                        с.Жымпиты

 

Аудандық мәслихат аппаратының

құрылымы және оның 2017-2019

жылдарға арналған қаржыландыру

жоспары туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабының 4 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы және оның 2017-2019 жылдарға арналған қаржыландыру жоспары қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енсін.

3. Сырым аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №33-5 «Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы және оның 2016-2018 жылдарға арналған қаржыландыру жоспары туралы» шешімі жойылды деп танылсын.

 

                                                                  Сессияс төрағасы                                                                   С.Токмамбетов

 

                                                                 Мәслихат хатшысы                                                                  Ш.Дуйсенгалиева

 

 Сырым аудандық мәслихатының

2016 жылғы 21 желтоқсанындағы

№ 9-4- шешіміне1- қосымша

 

 

Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы және оның 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қаржыландыру жоспары туралы

  

Құрметті депутаттар.

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихат Заңда белгіленген адам саны мен қаражат лимиті шегінде мәслихат аппаратының құрлымын бекітеді және оны ұстауға әрі материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды.

Аталмыш Заңда мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің штат саны лимиті тиісті мәслихат депутаттарының саны негізге алынып бес депутатқа бір қызметкер қатынаста, бірақ бес адамнан кем емес болып белгіленеді делінген. Осыған орай аппараттағы мемлекеттік қызметшілердің құрылымы төмендегіше ұсынылып отыр.

 

Аппарат басшысы - 1

Бас маман - 4

Мұның сыртында мәслихат хатшысы, іс жүргізуші, автокөлік жүргізуші және техникалық қызметкер бар. Барлығы 9 адам.

Аудан мәслихатының қызметін қамтамасыз етуге 17 млн. 801 мың теңге қаражат қаралып отыр.

Осы құрылымды және 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қаржыландыру жоспарын бекітуді сұраймын.

 

Сырым аудандық мәслихатының

                                                                                                           2016 жылғы 21 желтоқсандағы

                                                                                                           №9-4  шешіміне 2 -қосымша

 

 

Сырым аудандық мәслихат аппаратының құрылымы

п/п

Лауазымның атауы

Бірлік

саны

Мемлекеттік қызметшілердің санаты

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптары

1

Сырым аудандық мәслихат хатшысы

1

Белгіленбейді

 

-

2

Мәслихат аппаратының басшысы

1

Е-2

Жоғары білім, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, ауыл шаруашылығы ғылымдары, ветеринария, құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар салаларының мамандықтары бойынша,

1)мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3)мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4)осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

3

Бас маман (есепші)

1

Е-4

Жоғары, орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік білім, әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласындағы экономика, есеп және аудит, қаржы мамандықтары бойынша

1)     мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

2) жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4

Бас маман (заңгер)

1

Е-4

Жоғары, орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік білім, құқық саласының мамандықтары

1)    мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

2) жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

5

Бас маман

1

Е-4

Жоғары, орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік білім.

1)  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

 2)жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

6

Бас маман

1

Е-4

Жоғары, орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік білім.

1)мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

 2)жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.