ШЕШІМ РЕШЕНИЕ
29 қараша 2016 жыл. №8-2
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы
19 тамыздағы №14-3 «Аудан әкімдігі
жанындағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес мәселелері бойынша
аймақтық комиссияның дербес құрамы
туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және аудан әкімдігінің 2016 жылғы 11 қарашадағы №425 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы» №14-3 шешіміне (05.08.2014ж. №21-5; 05.03.2015ж. №26-9, 22.09.2015ж. №30-5, 21.12.2015. №33-4,19.04.2016ж. №2-4 шешімдерін қоса алғанда) төмендегіше өзгеріс енгізілсін:
1) Комиссия хатшылығына Сырым ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас маман заңгері Утепов Едіге Иманғалиұлы енгізілсін;
сәйкесінше Ишангалиева Эльмира Ерболқызы шығарылсын.
Сессия төрағасы С.Токмамбетов
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева