2016 жылғы 12 тамыздағы                                                                №6-10

 

Жымпиты ауылы                                                                                         с.Жымпиты

 

Аудан әкімдігі жанындағы

консультациялық-кеңесші орган

тұрғындар денсаулығын қорғау

жөніндегі үйлестіру Кеңесінің

дербес құрамы туралы    

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және аудан әкімдігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 278 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган тұрғындар денсаулығын қорғау жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесінің дербес құрамы төмендегіше бекітілсін:

Саркулов Асланбек Ахметоллаұлы

-

аудан әкімінің орынбасары,

Кеңес төрағасы;

Дусеев Мұрат Баяшұлы 

-

« Сырым аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры, Кеңес төрағасының орынбасары (келісім бойынша); 

Исанов Ерболат Рысқалиұлы

 -

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Кеңес хатшысы

Кеңес мүшелері:

 

Бақсықова Раушан Ерланқызы

-

«Сырым аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК денсаулық мектебі кабинеті медбикесі (келісім бойынша);

Бектенов Өрденбай

 

-

Сырым аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы (келісім бойынша);

Ерғазиева Зәмзәгүл Мерекеқызы

-

аудандық білім беру бөлімінің басшысы

Сәрсенғалиев Мұратбек Жұмагелдіұлы

-

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша);

Нурпейсов Салауат Жолайұлы

-

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

Альмуханов Арман Өтегенұлы

-

аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша);

Тахамбетова Роза Куткожақызы

-

«Сырым аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК директорының орынбасары (келісім бойынша);

Баяндыков Арман Толқынұлы

-

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;

Төлепов Қайрат  Нұржанұлы

-

Жымпиты ауылдық округінің әкімі

 

 

2. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 8 қарашадағы «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган тұрғындар денсаулығын қорғау жөніндегі аудандық Кеңестің дербес құрамы туралы» №15-9 шешімі жойылды деп танылсын.

 

 

                                                Сессия төрағасы                                               Б.Таскалиев

 

                                               Мәслихат хатшысы                                           Ш.Дуйсенгалиева