2016 жылғы 8 шілдедегі                                                                                №4-4

Жымпиты ауылы                                                                                             с.Жымпиты

 

Сырым аудандық мәслихатының

2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 16-8

«Сырым ауданының әлеуметтік көмек

көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу

және мұқтаж азаматтардың жекелеген

санаттарының тізбесін айқындау

қағидасын бекіту туралы» шешіміне

өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3407 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы «Сырым елі» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Үлгілік қағида) және 2016 жылғы 4 наурыздағы №133 «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулыларына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.».

8-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға айлық есептік көрсеткіштің 50 пайыз мөлшерінде.».

2. Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                              Р.Ихсанова

 

Мәслихат хатшысы                                        Ш.Дуйсенгалиева

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Батыс Қазақстан облысы

әкімінің орынбасары

_________________М.Тоқжанов

«___» ______________ 2016 жыл


 

8 июля 2016 года                                                                   №4-4

Жымпиты ауылы                                                                               с.Жымпиты

 

О внесении изменения и дополнения

в решение Сырымского районного

маслихата от 26 декабря 2013 года № 16-8

«Об утверждении Правил оказания

социальной помощиустановления

размеров и определения перечня

отдельных категорий нуждающихся

граждан Сырымского района» 

 

В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним», от 13 апреля 2005 года «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года №504 «Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан», Сырымский районный маслихат РЕШИЛ:

1. Внести в решение Сырымского районного маслихата от 26 декабря 2013 года № 16-8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сырымского района» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №3407, опубликованное 6 февраля 2014 года в газете «Сырым елі») следующее изменение и дополнение:

в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сырымского района, утвержденных указанным решением:

пункт 1 изложить в следующей редакции:

«1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сырымского района (далее - Правила) разработаны в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним», от 13 апреля 2005 года «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан» и постановлениями Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 «Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» (далее - Типовые правила), от 4 марта 2016 года №133 «Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2016 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на внедрение обусловленной денежной помощи по проекту «Өрлеу» и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.».

пункт 8 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:

«4) получателям адресной социальной помощи в размере 50 процентов от месячного расчетного показателя.».

2. Главному специалисту аппарата Сырымского районного маслихата (А.Орашева) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе «Әділет» и в средствах массовой информации.

3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

 

                                        Председатель сессии                                               Р.Ихсанова

 

                                       Cекретарь маслихата                                               Ш.Дуйсенгалиева

 

 

«СОГЛАСОВАН»

Заместитель акима

Западно-Казахстанской области

__________________М.Токжанов

«____» ________________2016 год