18 мамыр 2016 жыл. №3-5
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Сырым аудандық мәслихатының
2016 жылғы 19 сәуірдегі №2-7
«Сырым ауданында жиналыстар,
митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу тәртібін
қосымша реттеу туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі №2-7 «Сырым ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4388 тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырдағы «Сырым елі» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сырым ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу бойынша қосымша реттеу тәртібінде:
6 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу туралы өтiнiш беру кезінде осы тәртіптің 4-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда (сөз - процедуралық талаптар жөнінде), ол жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды.
Мұндай жағдайда Әкімдікпен жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның келіп түскен күнiнен бастап есептеледi.».
7 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер немесе демонстрациялар өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.».
8 - тармақтың 6), 7) - тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) алкогольдік ішімдік ішкен және есірткі қабылдаған жағдайда жиналысқа, митингке, шеруге, пикетке немесе демонстрацияға қатысуға;»;
«7) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, сондай-ақ нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғуға үндеу мазмұндағы транспаранттарды, ұрандар және басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео) қолдануға, көпшілік алдында сөз сөйлеуге;».
2. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы Р.Ихсанова
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева
Сырым аудандық мәслихатының
2016 жылғы 19 сәуірдегі №2-7
шешімімен бекітілген
Сырым ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу бойынша қосымша реттеу тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу бойынша қосымша реттелген тәртібі "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңына (одан әрі - Заң) сәйкес әзірленіп, Сырым ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.
2. Заңдарда жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар деп аталатын қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiрудiң нысандары ретiнде, сонымен қатар қоғамдық орындарда аштық жариялауды, киiз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар тұрғызуды және пикет қоюды түсiну керек.
2. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу
3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш Сырым ауданының әкімдігіне (одан әрі - Әкімдік) беріледі.
4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш, оны өткізу белгіленген мерзімінен кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі. Өтініште шараның мақсаты, нысаны, өткізілетін орны немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген күні көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі Әкімдікте тіркелген күннен бастап есептеледі.
5. Әкімдік өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан кемінде бес күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылдаған шешім туралы хабарлайды.
6. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу туралы өтiнiш беру кезінде осы тәртіптің 4-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда (сөз - процедуралық талаптар жөнінде), ол жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды.
Мұндай жағдайда Әкімдікпен жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның түскен күнiнен бастап есептеледi.
7. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер немесе демонстрациялар өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.
8. Шараларға ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1) көліктің және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауына;
2) елді мекендегі инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне;
3) Әкімдіктің келісімінсіз киіз үйлер, шатырлар өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4) жас көшеттерге, шағын сәулет нысандарына залал келтіруіне;
5) заңды тұлғалардың жеке меншіктеріне және азаматтарға материалдық шығын келтіретін, адамдардың денсаулығы мен өміріне қарсы қолданылатын, сондай-ақ басқа да арнайы дайындалған немесе бейімделген заттар, суық, ату және басқа да қарулардың болуына;
6) алкогольдік ішімдік ішкен және есірткі қабылдаған жағдайда жиналысқа, митингке, шеруге, пикетке немесе демонстрацияға қатысуға;
7) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, сондай-ақ нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғуға үндеу мазмұндағы транспаранттарды, ұрандар және басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео) қолдануға, көпшілік алдында сөз сөйлеуге;
8) алкагольдік ішімдіктер ішуге, есірткі заттарды қолдануға, психотропты заттарды, соған ұқсас заттарды және прекурсорларды пайдалануға;
9) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.
9. Сырым ауданында митингтер мен жиналыстарды өткізу орны Жымпиты ауылында Ауғаныстан соғысының ардагерлер саябағы болып белгіленсін.
10. Сырым ауданында шеру және демонстрация өткізетін орынның маршруты болып Жымпиты ауылында С.Сейфуллин және Абай көшелерінің қиылысынан - Абай көшесі бойымен - Абай және Амангелді көшелері қиылысына дейінгі арақашықтық белгіленсін.
11. Әкімдікпен белгіленген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары видео бақылау камераларымен, орындықтармен, жарықпен және күл-қоқыс салатын жәшіктермен жабдықталады.
12. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес, белгілі уақытта, келісілген орында жүргізілуі тиіс.
13. Пикеттің басқа (митинг, жиналыс, шеру, демонстрация) формадағы жалғасуына, басқа форматта өзгеруіне Әкімдіктен белгіленген тәртіпке сәйкес рұқсат алынуы қажет.
14. Әкімдік бір уақытта, бір күнде және бір орында кемінде 3 жекелеген пикет өткізуге рұқсат етуі мүмкін.
Әртүрлі жекелеген пикеттердің қатысушылары бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта тұруы керек.
3. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу бойынша қосымша реттелген тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік
15. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекетке келтірген материалдық залал үшiн заңдабелгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиіс.
Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейді.