18 мамыр 2016 жыл. №3-3

 

Жымпиты ауылы                                                                                             с.Жымпиты

 

Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы

8 қарашадағы №15-3 «Аудан әкімдігі

жанындағы консультациялық-кеңесші

орган құқық бұзушылық профилактикасы

жөніндегі ведомствоаралық комиссияның

дербес құрамы туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы.

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және аудан әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 159 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» №15-3 шешіміне (05.08.2014ж. №21-4; 05.03.2015ж. №26-7; 22.09.2015ж. №30-3; 17.02.2016ж. №35-3 шешімдерді қоса алғанда) төмендегідей өзгерістер енгізілсін :

1) комиссия құрамына Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерғазиева Замзагүл Мерекеқызы енгізіліп, сәйкесінше Аманғалиев Кайырбек Амандаулетұлы шығарылсын;

2) комиссия хатшысы Аязбаев Жанболат Ерболатұлының лауазымы Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары лауазымына өзгертілсін.

 

                                                               Сессия төрайымы                                            Р.Ихсанова

 

                                                              Мәслихат хатшысы                                         Ш.Дуйсенгалиева