18 мамыр 2016 жыл. №3-1

Жымпиты ауылы                                                                       с.Жымпиты

 

 

2015 жылға арналған аудандық

бюджеттің орындалу есебі

туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2015 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп төмендегідей бекітілсін:

Кірісі бойынша                                                                       3434117,6 мың теңге

Шығысы бойынша                                                                 3423414,2 мың теңге

Таза бюджеттік кредит беру                                                     29623,0  мың теңге

Қаржылық активтармен болатын

операциялар бойынша сальдо                                                 23105,0  мың теңге

Бюджеттік тапшылығы(профициты)                                      42024,6 мың теңге

Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру

(профицитті пайдалану)                                                         -42024,6  мың теңге

Қарыздардың түсімі                                                                 44595,0  мың теңге

Қарыздарды өтеу                                                                      10736,0  мың теңге

Жыл басындағы бюджет қаржысының

бос қалдығы бойынша                                                             27448,2 мың теңге

Жыл аяғындағы бюджет қаржысының

бос қалдығы бойынша                                                             19282,5 мың теңге

2. 2015жыл ішінде аудан бюджетінің жыл басындағы бос қалдығының жұмсалуы, резервтік қорының пайдаланулары сәйкесті № 1,2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

 

                                                Сессия төрайымы                                                 Р.Ихсанова

 

                                               Мәслихат хатшысы                                               Ш.Дуйсенгалиева

 

 

Сырым аудандық мәслихатының

2016 жылғы 18 мамырдағы

№3-1 шешіміне 1-қосымша

 

2015 жылдың ағымындағы аудан бюджетінің қаржылық ресурстары бос қалдығын жұмсалуы туралы

Бағдарламаның атауы

Бағдарлама ның коды

Шешімнің нөмерлі саны

Сомасы мың теңге

Жұмсалу мақсаттары

Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту

 

458 048 015

Аудандық мәслихаттың 2015жылғы 5 наурыздағы № 26-2 шешімі

27448,2

Қ Мырза әлінің 80 жасқа толуына орай ескерткіш орналастыру және алаңды абаттандыру

Барлығы

 

 

 

27448,2

 

 

 

Сырым аудандық мәслихатының

2016 жылғы 18 мамырдағы

№3-1 шешіміне 2-қосымша

 

2015  жыл ішінде аудандық резервтік қорының жұмсалуы

Бағдарламаның атауы

Бағдарламаның коды

Шешімнің нөмерлі саны

Сомасы мың теңге

Жұмсалу мақсаттары

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органының төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

 

 

 

122 106 000

Аудан әкімиятының қаулылары № 53. 13.02.2015ж. № 95. 05.03.2015ж. №312. 11.09.2015ж. 

 

 

 

 

2297,0

Қысқы кезде төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс шараларға жұмсалды.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органының төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

 

 

 

123 106 000

Аудан әкімиятының қаулылары № 95 . 05.03.2015ж.

№225 24.06.2015ж.

№312. 11.09.2015ж.

 

2316,0

Тұрғындарды көктемгі су тасқынынан сақтандыру жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар .

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органының төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

458106000

Аудан әкімиятының қаулысы № 195. 28.05.15ж,

1044,0

 

 

Дала өртерінің алдын алуға бағытталған іс шаралар

 

Барлығы

 

 

 

5657,0

 

  

 

Сырым ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясына «2015 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалуын бекіту туралы»

Құрметті депутаттар және сессияға қатысушылар !

 

Экономика және қаржы бөлімі 2016 жылғы 1 қаңтарға аудандық бюджеттің орындалу бағытында бір келкі жұмыстар атқарды.

Кірістер бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға арналған бюджет 3502650,9 мың теңге көлемінде болжанып, нақты түрде орындалғаны 3521132,8 мың теңге, орындалуы 100,5%.

Өзіндік табыстар бойынша 299871,0 мың теңге жоспарланып, нақты орындалғаны 313634,7 мың теңге немесе 104,6 пайыз, соның ішінде:

-салықтық түсімдері бойынша 292053,0 мың теңге жоспарланып, нақты орындалғаны 304815,9 мың теңге, орындалуы 104,4  % ;

-салықтық емес түсімдері бойынша есепті кезеңге жоспар 3447,0 мың теңге, нақты орындалғаны 4172,3 мың теңге, орындалуы 121,0 % ;

- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңге жоспар 4371,0 мың теңге, нақты орындалғаны 4646,5 мың теңге.

Республикалық және облыстық бюджеттен каралған трансферттер  3120484,9 мың теңге жоспарланып, орындалғаны 3120482,9 мың теңге, соның ішінде субвенция 2059108,0 мың теңгеге орындалды.

Шығыс бөлігінің 2016 жылғы 1 қаңтарға арналған бюджет 3502650,9 мың тенге көлемінде болжанып, нақты түрде орындалғаны 3501850,2 мың теңге, орындалуы 100,0%, соның ішінде:

Республикалық бюджеттен бөлінген мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің сондай ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінің  лауазымдық жалақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайын қосымша ақы төлеу үшін  116481,0 мың  теңге қаржы бөлініп, есепті кезеңге жоспарланған 116481,0 мың теңгенің  игерілгені 116475,3  мың теңге  немесе 100,0 пайыз. Игерілмеген 5,7 мың  тенге  үнемделген қаржы.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 294755,9 мың теңге жоспарланып, нақты орындалғаны 294727,8  мың теңге, немесе 100,0 пайыз.

Қорғаныс тобы бойынша 26203,0 мың теңге жоспарланып 26201,2 мың теңге игерілді, яғни 100,0 пайыз.         

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі бойынша  қаржы жоспарланбаған.

Білім беру функционалдық тобы бойынша 1618279,0 мың теңге көлемінде жоспарланып, нақты орындалғаны 1618269,4 мың теңге, яғни 100,0 пайыз.

Республикалық бюджеттен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 20116,0 мың теңге бөлініп, есепті кезеңге жоспарланған 20116,0 мың теңгенің  игерілгені 20116,0 мың теңге  немесе 100,0 пайыз.

Республикалық бюджеттен  берілетін нысаналы трансферттер есебінен Үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге - 27604,0 мың теңге, есепті кезеңде  жоспар 27604,0 мың теңгенің  игерілгені 27604,0 мың

теңге  немесе 100 пайыз.

Денсаулық саласы 2016 жылғы 1 қаңтарға арналған бюджет 345,0 мың тенге, игерілгені 344,3 мың  теңге немесе 99,8 пайыз.

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек саласы бойынша  185169,0 мың теңге жоспарланып,  185137,7 мың теңге мөлшерінде орындалды, яғни 100,0 пайыз

Атаулы әлеуметтік  көмекке республикалық бюджеттен 306,0 мың теңге бөлінді, есепті кезеңге жоспарланған 306,0 мың теңге толықтай игерілді. Мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 1485,0 мың теңге бөлінді, есепті кезеңге жоспарланған 1485,0 мың теңге  толықтай  игерілді.

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету- 13000,0 мың теңге есепті кезеңге жоспарланған 13000,0 мың теңге, игерілгені 13000,0 мың  теңге, 100,0 мың теңге үнемделген қаржы.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде жалақыны ішінара  субсидиялауға -2248,0 мың теңге қаржы қаралып отыр, есепті кезеңге жоспарланған 2248,0 мың теңге, игерілгені 2247,8 мың 

Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 2997,0 мың теңге, есепті кезеңге жоспарланған 2997,0 мың теңге, игерілгені 2997,0 мың  теңге немесе 100 пайыз.

кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, және  олардың бiлiктiлiгiн арттыруға-жылдық жоспар 2318,0 мың теңге, есепті кезеңге жоспарланған 2318,0 мың теңгенің  игерілгені 2318,0 мың тенге немесе 100,0 пайыз.

Тұрғын  үй  коммуналдық  шаруашылығы бойынша есепті кезеңде жоспарланған  743355,0 мың теңге қаржының  игерілгені 742688,0 мың теңге, немесе 99,9 пайыз.

2014 жылғы салынған тұрғын үйдің кредиторлық берешегін төлеу үшін республикалық бюджеттен 64404,0 мың теңге трансферт қаралды, есепті кезеңге жоспарланған 64404,0 мың  теңге  қаржы толықтай игерілді.0,6 мың теңге үнемделді.

Ауылдық елді мекендердегі  сумен  жабдықтау жүйесін дамытуға республикалық бюджеттен 479434,0 мың   теңге қаржы бөлінді, еспті кезеңде жоспарланған 479434,0 мың теңге қаржы  толықтай игерілді.

Жетікөл, Қосарал, Қособа, Жырақудық, Шағырлыой елді мекендердегі әлеуметтік нысандарды газдандыру үшін облыстық бюджеттен 41591,0 мың   теңге қаржы бөлінді, есепті кезеңге жоспарланған 41591,0 мың теңгенің игерілгені  41590,5 мың теңге. Игерілмеген 0,5 мың үнемделген қаржы.

Мәдениет, спорт  және ақпараттық кеңістік бойынша 293289,0 мың теңге көлемінде жоспарланды, орындалуы  293280,6 мың теңге (100,0 пайыз).

Ауыл  шаруашылық, жер  қатынастар тобы   бойынша 102022,0 мың теңге жоспарланып есепті кезеңде игерілгені 101971,0 мың теңге немесе 100,0 пайыз.

Республикалық бюджеттен ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 44595,0 мың теңге бюджеттік кредиттер бөлініп, есепті кезеңге жоспарланған 44595,0 мың теңгенің игерілгені 44595,0 мың теңге немесе 100 пайыз.

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі бойынша 10738,0 мың теңге жоспарланып 10737,0 мың теңгеге  орындалды.(100,0 пайыз).

Транспорт және коммуникация  саласы   бойынша бойынша 140318,0 мың теңге көлемінде жоспарланды, орындалуы  140318,0 мың теңге (100,0 пайыз).

Басқа функционалдық тобы бойынша 32338,0 мың теңге жоспарланып 32335,0 мың теңгеге орындалды.(100,0пайыз).

Борышқа қызмет көрсету  бойынша есепті кезеңде қаржы жоспарланбаған.

Трансферттер  бойынша 492,0 мың теңге толық орындалды.

Қарыздарды  өтеу  10736,0 мың теңге көлемінде жоспарланды, орындалуы  10736,0 мың теңге (100,0 пайыз).  

Жалпы өткен жылдың бюджеті осындай көрсеткіштермен сипатталып, орындалуы ұсынылып отыр.

Жоғарыдағыдай аталған жұмыстармен қатар, 2016 жылы алда тұрған міндеттер:

 

1. Жергілікті бюджетті жоспарлау және оның уақтылы әрі тиімді атқарылуын, бюджетті атқару мониторингі барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және жергілікті атқарушы органдарымен қарым-қатынасты, бюджеттік заңнаманы бюджетті атқару бөлігінде жетілдіруді қамтамасыз ету;

2. Жергілікті бюджеттер түсімдерін орындау және жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді мақсатты әрі тиімді пайдалану мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету;

3.Ауданға бөлінген бюджеттік кредиттерді тиімді пайдалану;

4.Кредиторлық және дебиторлық берешектерді болдырмау бағытында жұмыстану;

 

 

Сырым аудандық зкономика және қаржы бөлімінің  басшысы                       М.Шалабаев