19 сәуір 2016 жыл                              №2-7                         Жымпиты ауылы

 

Сырым ауданында жиналыстар,

митингілер, шерулер,

пикеттер және демонстрациялар

өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Сырым аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Сырым ауданында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу бойынша қосымша реттеутәртібі бекітілсін.

2. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                                                   Сессияның төрағасы                                       А.Дуйсенгалиев

 

                                                  Мәслихат хатшысы                                         Ш.Дуйсенгалиева

 

 

Сырым аудандық мәслихатының

2016 жылғы 19 сәуірдегі №2-7

шешімімен бекітілген

 

 

Сырым ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу бойынша қосымша реттеу тәртібі 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу бойынша қосымша реттелген тәртібі "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңына (одан әрі -Заң)сәйкес әзірленіп, Сырым ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.

2. Заңдарда жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар деп аталатын қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiрудiң нысандары ретiнде, сонымен қатар қоғамдық орындарда аштық жариялауды, киiз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар тұрғызуды және пикет қоюды түсiну керек.

 

2. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

 

3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтінішСырым ауданының әкімдігіне (одан әрі - Әкімдік) беріледі.

4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш, оны өткізу белгіленген мерзімінен кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі. Өтініште шараның  мақсаты, нысаны, өткізілетін орны немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген күні көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі Әкімдікте тіркелген күннен бастап есептеледі.

5. Әкімдік өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан кемінде бес күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылдаған шешім туралы хабарлайды.

6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзу туралы өтiнiш беру кезінде осы тәртіптің 4-тармағыныңталаптары орындалмаған жағдайда (сөз - процедуралық талаптар жөнінде), ол митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды.

Мұндай жағдайда Әкімдікпен жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның түскенкүнiнен бастап есептеледi.

7. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрациялар өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.

8. Шараларға  ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

1) көліктің  және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауына;

2)елді мекендегі инфрақұрылым объектілерінің  үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне;

3) Әкімдіктің келісімінсіз киіз үйлер, шатырлар өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

4) жас көшеттерге, шағын сәулет нысандарына залал келтіруіне;

5) заңды тұлғалардың жеке меншіктеріне және азаматтарға материалдық шығын келтіретін, адамдардың денсаулығы мен өміріне қарсы қолданылатын, сондай-ақ басқа да арнайы дайындалған немесе бейімделген заттар, суық, ату және басқа да қарулардың болуына;

6) алкогольдік ішімдік ішкен және есірткі қабылдаған жағдайда митингке, шеруге, пикетке немесе демонстрацияға қатысуға;

7) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғуға бағытталған транспаранттарды, ұрандар және басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео) қолдануға;

8) алкагольдік ішімдіктер ішуге, есірткі заттарды қолдануға, психотропты заттарды, соған ұқсас заттарды және прекурсорларды пайдалануға;

9) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.

9. Сырым ауданында митингтер мен жиналыстарды өткізу орныЖымпиты ауылындаАуғаныстан соғысының ардагерлер саябағы болып белгіленсін.

10. Сырым ауданында шеру және демонстрация өткізетін орынның маршруты болып Жымпиты ауылындаС.Сейфуллин және Абай көшелерінің қиылысынан - Абай көшесі бойымен -Абай және Амангелді көшелері қиылысына дейінгі арақашықтық белгіленсін.

11. Әкімдікпен белгіленген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары видео бақылау камераларымен, орындықтармен, жарықпен және күл-қоқыс салатын жәшіктермен жабдықталады.

12.  Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес, белгілі уақытта, келісілген орында жүргізілуі тиіс.

13. Пикеттің басқа (митинг, жиналыс, шеру, демонстрация) формадағы жалғасуына, басқа форматта өзгеруіне Әкімдіктен белгіленген тәртіпке сәйкес рұқсат алынуы қажет.

14. Әкімдік бір уақытта, бір күнде және бір орында кемінде 3 жекелеген пикет өткізуге рұқсат етуі мүмкін.

Әртүрлі жекелеген пикеттердің қатысушылары бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта тұруы керек.

 

3. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу бойынша қосымша реттелген тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

 

15. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарынасәйкес жауап береді.

Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекетке келтіргенматериалдық залал үшiн заңдабелгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиіс.

Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейді.


 

19 апреля 2016 год                              №2-7                       село Жымпиты

 

 

О дополнительном регламентировании

порядка проведения мирных собраний,

митингов, шествий, пикетов и демонстраций

вСырымском районе

 

В соответствии с Законами Республики Казахстан от 17 марта 1995 года «О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан», от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан»,Сырымскийрайонный маслихат РЕШИЛ:

1. Утвердитьприлагаемую дополнительно регламентированный порядок проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Сырымскомрайоне.

2.Главному специалисту аппарата районного маслихата (А.Орашева) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе «Әділет» и в средствах массовой информации.

3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

 

                                                Председатель сессии                                               А.Дуйсенгалиев

 

                                               Секретарь маслихата                                               Ш.Дуйсенгалиева

 

 

 

Утвержден решениемСырымского

районного маслихата

от 19 апреля 2016 года№2-7

 

 

Дополнительно регламентированный порядок проведения собраний, митингов,

шествий, пикетов и демонстраций в Сырымском районе

 

1. Общие положения

 

1. Настоящий дополнительно регламентированный порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 17 марта 1995 года «О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан» (далее -Закон) и дополнительно регламентирует порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Сырымскомрайоне.

2. Формами выражения общественных, групповых или личных интересов и протеста, именуемых в законодательстве собраниями, митингами, шествиями и демонстрациями, следует понимать также голодовку в общественных местах, возведение юрт, палаток, иных сооружений и пикетирование.

 

 

2. Дополнительное регламентирование порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

 

3. О проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается заявление в акимат Сырымскогорайона (далее - Акимат).

4. Заявление о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается в письменной форме не позднее, чем за 10 дней до намеченной даты их проведения. В заявлении указывается цель, форма, место проведения мероприятия или маршруты движения, время его начала и окончания, предполагаемое количество участников, фамилии, имена, отчества уполномоченных (организаторов) и лиц, ответственных за соблюдение общественного порядка, место их жительства и работы (учебы), дата подачи заявления. Срок подачи заявления исчисляется со дня его регистрации в Акимате.

5. Акимат рассматривает заявление и сообщает уполномоченным (организаторам) о принятом решении не позднее чем за пять дней до времени проведения мероприятия, указанного в заявлении.

6. В случае не соблюдения требования пункта 4 настоящего порядка при подаче заявления о проведении собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций (то есть процедурные требования) оно не может являться основанием для отказа в проведении митингов, шествий, пикетов и демонстраций.

В таких случаях Акиматом дается официальный ответ разъяснительного характера с предложением устранить допущенные нарушения путем подачи нового заявления. Сроки рассмотрения нового заявления исчисляются с момента его поступления.

7. При проведении собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций, уполномоченные (организаторы), а также иные участники должны соблюдать общественный порядок.

8. Организаторам и участникам мероприятий не допускается:

1) препятствовать движению транспорта и пешеходов;

2) создавать помехи для бесперебойного функционирования объектов инфраструктуры населенного пункта;

3) устанавливать юрты, палатки, иные временные сооружения без согласования с Акиматом;

4) наносить ущерб зеленым насаждениям, малым архитектурным формам;

5) иметь при себе холодное, огнестрельное и иное оружие, а также специально подготовленные или приспособленные предметы, могущие быть использованными против жизни и здоровья людей, для причинения материального ущерба гражданам и собственности юридических лиц;

6) участие в митинге, шествии, пикете и демонстрации лиц, находящихся в состоянии алкогольного или наркотического опьянения;

7) использовать транспаранты, лозунги и иные материалы (визуальные, аудио/видео), а также публичные выступления, содержащие призывы к нарушению общественного порядка, совершению преступлений, разжигание расовой, национальной, социальной, религиозной нетерпимости, сословной исключительности, насильственное ниспровержение конституционного строя, посягательство на территориальную целостность республики;

8) распивать алкогольные напитки, употреблять наркотические средства, психотропные вещества, их аналоги и прекурсоры;

9) вмешиваться в любой форме в деятельность представителей государственных органов, обеспечивающих общественный порядок при проведении мероприятий.

9. Местом проведения собраний, митингов в Сырымском районе определить: парк ветеранам войныАфганистанав селе Жымпиты.

10. Местом проведения шествий и демонстраций в Сырымском районе определить следующий маршрут: от перекрестка улиц С.Сейфуллин и Абай - по улице Абай - до перекрестка улиц Абай и Амангелды в селе Жымпиты.

11. Места, определенные Акиматом для проведения собраний, митингов, шествий и демонстраций оснащаются камерами видеонаблюдения, скамейками, освещением и урнами для мусора.

12. Пикеты должны проводиться в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и обусловленном месте.

13. В случае изменения проведения пикета на иную форму (митинг, собрание, шествие, демонстрацию) требуется получение в установленном порядке разрешения Акимата.

14. Акимат может разрешить проведение в один и тот же день и время на одном и том же объекте не более трех одиночных пикетов.

Участники различных одиночных пикетов должны располагаться относительно друг друга на расстоянии не менее 50 метров.

 

 

3.Ответственность за нарушение дополнительно регламентированного

порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

 

15. Лица, нарушившие установленный порядок организации и проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций, несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Материальный ущерб, причиненный во время проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций их участниками гражданам, общественным объединениям, государству, подлежит возмещению в установленном законодательством порядке.

Все дополнительно возникшие затраты, в том числе по охране общественного порядка, предоставлению помещений, санитарной очистке, освещению и радиофицированию места проведения собрания, митинга, шествия, пикета и демонстрации, возмещаются их организаторами.