19 сәуір 2016 жыл. №2-4
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы
19 тамыздағы №14-3 «Аудан әкімдігі
жанындағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес мәселелері бойынша
аймақтық комиссияның дербес құрамы
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және аудан әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі №125 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы» №14-3 шешіміне (05.08.2014ж. №21-5; 05.03.2015ж. №26-9, 22.09.2015ж. №30-5, 21.12.2015. №33-4 шешімдерін қоса алғанда) төмендегіше өзгерістер енгізілсін:
1) Комиссия құрамына Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Дүйсенғалиева Шынар Сайлауқызы (келісім бойынша) енгізілсін;
сәйкесінше Галимов Ануарбек Ғалымұлы шығарылсын.
2) Комиссия құрамына Сырым аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Галимов Ануарбек Ғалымұлы енгізілсін.
сәйкесінше «Сырым жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дүйсенғалиева Шынар Сайлауқызы шығарылсын
Сессия төрағасы А.Дуйсенгалиев
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева