Жымпиты ауылы № 1-4 25 наурыз 2016 жыл.
Аудандық мәслихаттың тұрақты
комиссияларын құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12 бабына сәйкес аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың төмендегі тұрақты комиссиялары құрылсын:
1. Экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссия.
2. Әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия.
3. Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссия.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А.Дуйсенгалиев
Аудандық мәслихат
хатшысы Ш.Дуйсенгалиева