17 ақпан 2016 жыл №35-6
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Сырым аудандық мәслихатының
2015 жылғы 24 желтоқсандағы №33-7
««Сырым аудандық мәслихаты аппараты»
мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалаудың
әдістемесін бекіту туралы» шешімін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына және Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №10-3331 хатына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сырым аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №33-7 ««Сырым аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімі жойылды деп танылсын.
Сессия төрағасы А.Табишев
Мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы Х.Мусагалиев