Жымпиты ауылы № 35-3 17 ақпан 2016 жыл
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы
8 қарашадағы №15-3 «Аудан әкімдігі
жанындағы консультациялық-кеңесші
орган құқық бұзушылық профилактикасы
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
дербес құрамы туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және аудан әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 1 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» №15-3 шешіміне (05.08.2014ж. №21-4; 05.03.2015ж. №26-7; 22.09.2015ж. №30-3 шешімдерді қоса алғанда) төмендегідей өзгерістер енгізілсін :
1) комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Сырым аудандық бөлімінің бастығы Сакулов Ағыбай Бейсембекұлы (келісім бойынша) енгізіліп, сәйкесінше Бірімжаров Серік Болатұлы шығарылсын;
2) комиссия құрамына Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Аманғалиев Кайырбек Амандаулетұлы енгізіліп, сәйкесінше Бижанов Мақсот Есенұлы шығарылсын;
3) комиссия құрамына Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Исанов Ерболат Рысқалиұлы енгізіліп, сәйкесінше Даргужиев Талғат Мұратұлы шығарылсын.
Сессия төрағасы А.Табишев
Мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы Х.Мусагалиев