Жымпиты ауылы село Жымпиты
Аудандық мәслихаттың
2016 жылға арналған
перспективалық жұмыс
жоспары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы №24-6
«Аудандық мәслихаттың 2015 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары туралы» шешімі жойылды деп танылсын.
Сессияс төрағасы Х. Мусагалиев
Мәслихат хатшысы А.Галимов
Сырым аудандық мәслихатының
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
кезекті ХХІІI сессиясының
№ 33-5 шешіміне 1 қосымша
Б Е К І Т І Л Д І
(мемлекеттік орган актісінің атауы, датасы,нөмірі)
Аудандық мәслихаттың хатшысы
_________________ А.Галимов
____________________2015 жыл
Сырым аудандық мәслихатының және мәслихат аппаратының
2016 жылға арналған жұмыс жоспары
р/с |
Атқаратын жұмыстар |
Орындалу мерзімі |
Жауапты комиссия төрағалары мен қызметкер |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
||||
1.Сессияда қаралатын мәселелер: |
|||||||
1 |
«Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бірінші кезең-2013-2015 жылдар) орындаудағы аудандық ішкі саясат бөлімінің атқарған жұмыстары туралы. |
||||||
2 |
2015 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы. |
||||||
3 |
Ауданда бұқаралық спортты дамыту бойынша атқарылған жұмыстары туралы |
||||||
4 |
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жәйі туралы аудан |
||||||
5 |
«Әлеуметтік мәдени-тұрмыстық нысандардың жылу маусымына дайындығы және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы». |
||||||
6 |
2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
|
||||||
|
2. Ұйымдастыру жұмыстары |
||||||
1 |
Сырым ауданы мәслихаты аппаратының 2016 жылға арналған бюджеттік төлқұжаттарын дайындау, әр айға арналған қаржыландырудың жеке жоспарын мәслихат хатшысына бекітуге ұсыну |
10 қаңтар |
Э.Бакияева |
||||
2
3 |
Депутаттардың сайлауалды бағдарламаларын жинақтап, оларға талдау жасау. Тиісті орындарға депутаттық сауалдар жіберу үлгілерін дайындау, мәслихат хатшысының қатеріне ұсыну. Депутаттық сайлауалды бағдарламаларына сәйкес әр сала бойынша талдау жасау, орыңдалуын бақылауға алу. |
ақпан
наурыз |
Ахметов М.
Орашева А. |
||||
4 |
Аудандық мәслихаттың өткізілген сессиялары хаттамаларын уақытылы жасақтау. Қабылданған шешімдер көшірмелерін тиісті органдар мен орындаушыларға жолдау. |
кезінде |
Кадирова Г.
|
||||
5 |
Аудандық мәслихаттың сессияларында қабылданған Әділет басқармасында тіркеуге жататын шешімдерін уақытылы тіркеуден өткізіп, тіркелгеннен кейін аудандық газетке жариялануын қамтамасыз етіп, үш күн мерзім ішінде аудандық прокуратураға, басқа да тиісті органдарға жолдау. |
кезінде |
Орашева А. |
||||
6 |
Кезекті сессияларды өткізу жоспарын дайындау. (сессияға мәселе дайындау үшін уақытша комиссия құру, құжаттарды дайындау, қаралатын мәселе бойынша жадынама жасақтау, сессияға анықтама дайындауларына жәрдемдесу). |
кезінде |
Орашева А. |
||||
7 |
«Аудандық мәслихат депутаттары – шағын елді мекендерде» - атты акция өткізу |
наурыз |
Батырниязов Ж. |
||||
8 |
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуді ұйымдастыру. |
кезінде |
Мәслихат аппараты |
||||
9 |
Депутаттардың сайлаушылар алдында кесте бойынша есеп беру кездесулерін ұйымдастыру.
|
кезінде |
Мәслихат аппараты |
||||
3. Тұрақты комиссиялармен атқарылатын жұмыстар. |
|||||||
1 |
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2016 жылға арналған жұмыс жоспарларының жобаларын дайындап, комиссияның бекітуіне ұсыну. |
қаңтар |
Батырниязов Ж. |
||||
2 |
Тұрақты комиссия отырыстарының өткізу уақыттарын комиссия төрағаларымен келісіп, құжаттарын дайындауға көмектесу, өткізілген отырыстар хаттамаларын жүргізу. |
үнемі |
Ахметов М. |
||||
3 |
Жоспардың орыңдалуына бақылау жасау. |
үнемі |
Ахметов М. |
||||
4 |
Тұрақты комиссиялардың отырыстарының қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету. |
үнемі |
Ахметов М. |
||||
5 |
Аудандық мәслихаттың сессияларында қабылданған бағдарламалардың жергілікті жерде жүзеге асуына талдау жасау. |
кезінде |
Комиссия төрағалары мен жауапты бас маман |
||||
6 |
Бұқаралық ақпарат құралдарына сайлауалды бағдарламаларының орындалуы барысы жөнінде хабарлап отыру, туындаған өзекті мәселелерді тұрақты комиссиялар отырысында қарап олардың тиісті жауабын жергілікті атқарушы органдардан талап ету. |
үнемі |
Комиссия төрағалары мен жауапты бас маман |
||||
Тұрақты комиссия отырыстарында |
|||||||
7 |
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамнан тысқар қалып қоймауы үшін оларға жағдай жасау туралы |
сәуір |
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы |
||||
8 |
Аудан бойынша ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы |
тамыз |
Аудандық ветеринарлық қадағалау мекемесі |
||||
9 |
Ауылдық аймақтың санитарлық тазалығы мен елді-мекенді көркейту жұмыстары туралы ____________________________ ауылдық округ әкімдерінің жұмыстары. |
қазан |
Ауылдық округ әкімдері |
||||
10 |
Ауылдық округтер әкімдерінің 2015 жылға атқарылған жұмысы туралы есебі |
қараша |
Ауылдық округ әкімдері |
||||
4. Сырым аудандық мәслихатының депутаттарымен жүргізілетін жұмыстар. |
|||||||
1 |
Ауыл әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беру жиналыстарына қатысу (арнайы кесте бойынша) |
қаңтар-ақпан |
депутаттар |
||||
2 |
Депутаттардың сайлаушылармен кездесу кестелерін жинақтап, кездесу өтетін орындармен байланыс жасау, қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету |
әр тоқсан сайын |
Ахметов М. |
||||
3 |
Аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп, жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жұмыстар жүргізу (комиссия отырыстарын, семинар, оқу кеңестер өткізу) |
үнемі |
Орашева А |
||||
4 |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының талаптарына сәйкес мәслихат депутаттарының құқықтары мен міндеттері бағытында семинар кеңес өткізу» |
сәуір |
Батырниязов Ж. |
||||
5 |
«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы мен жасақтаған кесте бойынша «Депутат күні» қоғамдық қабылдауын ұйымдастыру |
кесте бойынша |
Депутаттар |
||||
6 |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 21-1 бабына сәйкес мәслихат депутаты мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшесіне, прокурорға және орталық мемелекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқару органдарының лауазымды тұлғаларына ресми түрде жазбаша сауалдарын жолдауға көмектесу |
қажетіне қарай |
Мәслихат аппараты |
||||
7 |
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы (Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы) |
|
Орашева А. |
||||
8 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы |
|
Орашева А. |
||||
9 |
Мемлекеттік қызмет туралы (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453 Заңы) |
|
Орашева А. |
||||
10 |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығы) |
|
Орашева А. |
||||
5. Сырым ауданы әкімдігімен бірлесе атқаратын жұмыстар. |
|||||||
1 |
Сырым ауданы сайлау округтері бойынша сайлаушылар саның нақтылау, сайлау комиссиясы құрамдарына сайлау өткізуге дайындық жұмыстары. |
қажетіне қарай |
Орашева А. |
||||
2
3 |
Депутаттар сайлау алды бағдарламаларына және сайлаушылар тарапынан айтылған ұсыныс пікірлерге сәйкесті тиісті орындарға жіберілген сауалнамалардың орындалуы барысына талдау жүргізу. Ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуге дайындық жұмыстары. |
мамыр-қазан
қажетіне қарай |
Ахметов М.
Батырниязов Ж. |
||||
6. Кадрлармен жүргізілетін жұмыстар. |
|||||||
1 |
Сырым аудандық мәслихаты аппараты қызметкерлерінің аттестациядан өту кестесін анықтап, аудан әкімі аппаратына ұсыну. |
қаңтар |
Кадирова Г. |
||||
2 |
Аудандық мәслихат аппаратында келісім шарт бойынша жұмыс жасап жүрген қызметкерлердің келісім шарттарын қарап, Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкестендіру. |
қаңтар |
Орашева С. |
||||
3 |
Аппарат қызметкерлерінің білімін жетілдіру кестелерін дайындап бекіту және тиісті орындарға сұраныс жолдау, келісім шарттарын дайындау, уақтылы қаражат аудару |
қаңтар |
Бакияева Э. |
||||
4 |
Аудандық мәслихат депутаттарымен аппарат қызметкерлерінің жеке іс құжаттарын жинақтап, толықтырулар енгізіп отыру. |
үнемі |
Кадирова Г. |
||||
5 |
Аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің 2015 жылдың салық декларациясын тапсыру. |
ақпан |
Бакияева Э. |
||||
6 |
Тоқсан және жартыжылдық сайын тапсырылатын кадрлар есептерін тапсыру |
уақтылы |
Кадирова Г. |
Аудандық мәслихат
аппаратының басшысы Ж.Батырниязов